Жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтардың жекелеген мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 30 желтоқсан N 248

      Белгіленген зейнетақы жасына толмаған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ер кісілер үшін кемінде 10 жыл және әйелдер үшін кемінде 7 жыл 6 ай жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылған зейнетақы заңдары бойынша өндірістердің, мамандықтардың, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізіміне жатқызылған азаматтардың проблемаларына ыңғайлар жасау мақсатында:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 1999 жылдың 15 қаңтарына меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың деректері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне белгіленген зейнетақы жасына жетпеген және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ер кісілер үшін кемінде 10 жыл және әйелдер үшін кемінде 7 жыл 6 ай жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылған зейнетақы заңдары бойынша өндірістердің, мамандықтардың, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізіміне жатқызылған адамдардың саны туралы мәлімет ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылдың 19 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне ер кісілер үшін кемінде 10 жыл және әйелдер үшін кемінде 7 жыл 6 ай жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек

 

жағдайындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтардың проблемалары бойынша

мүмкін болатын ыңғайларды іске асыру үшін қажет бюджет қаражатының бағалау

есебін ұсынсын.

     3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


  Оқығандар:

Орынбекова Д.К.

Кобдалиева Н.М.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады