"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 31 желтоқсан N 250-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығын іске асыру мақсатында:
      1. Орталық атқарушы органдардың басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) 1998 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығында көзделген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын және Мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне уақытылы хабарлап отыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік

 

бағдарламаның іс-шараларын республикалық бюджетте 1999 жылға арналған

Мемлекеттік бағдарламаны жауапты атқарушы-мемлекеттік органдарға

көзделген қаржының шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

     3. Мемлекеттік бағдарламаның, Үкімет пен орталық атқарушы органдарға

белгіленген іс-шараларының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады