Мұнайдың экспортын ұлғайту және Еуразия Көлік Дәлізі бойынша халықаралық келісімдерді іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 10 қараша N 218а

      Мұнайдың экспортын ұлғайту, Еуразия Көлік Дәлізін құру жөніндегі халықаралық келісімдерді іске асыру мақсатында:
      1."ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен "Шеврон Оверсиз" Петролеум Инк" компаниясының "Теңіз-Ақтау" мұнай құбырының алғашқы желілерін, мұнайды сақтау, өткізу және Ақтау теңіз сауда порты арқылы Баку бағытына тасымалдау жөніндегі қолда бар терминалдарды оңалту және пайдалану жөніндегі ұсынысы қабылдансын.
      2. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы белгіленген мерзімдерде "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк" компаниясымен "Теңіз-Ақтау" құбыр желісін оңалтудың жобасы жөніндегі келісім-шартқа қол қоюды және оны іске асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Бұл жобада негізгі міндеттер болып:
      1) Қазақстан мұнайының Ақтау теңіз сауда порты арқылы Баку-Қара

 

теңіздің теңіз порттары бағытына транзитінің көлемдерін ұлғайту;

     2) ұлттық танкерлік флот құру болып белгіленсін.

     4. Мына құрамда, қолда бар көлік инфрақұрылымдарын қайта жаңарту мен

оңалтудың және жаңа көлік қуаттарының құрылысын салу жобаларын дайындау

және қарау жөнінде жұмыс тобы құрылсын:


     Қаппаров Нұрлан       - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ

     Жамбылұлы                компаниясы" акционерлік қоғамының

                              президенті, жетекші


     Қаниев Берік          - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ

     Серәліұлы                компаниясы" акционерлік қоғамының

                              вице-президенті


     Үпішев Ерлан           - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау

     Елемесұлы                жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық

                              акционерлік қоғамының президенті


     Қабылдин               - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау

     Қайыргелді               жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық

     Мақсұтұлы                акционерлік қоғамының вице-президенті


     Сартбаев Медет         - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау

     Мақсұтұлы                жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық

                              акционерлік қоғамының атқарушы

                              директоры


     Бозымбаев Қанат        - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Алдабергенұлы            индустрия және сауда министрлігі Мұнай

                              және газ департаментінің директоры


     Демеу Айдар            - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Сағитжанұлы              индустрия және сауда министрлігі Мұнай

                              және газ департаментінің бөлім бастығы


     Коваленко Петр         - Қазақстан Республикасының Көлік және

     Данилович                коммуникациялар министрлігі су көлігі

                              басқармасының бастығы


     Мұстафа Хабиб          - "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк"

                              компаниясының коммерциялық менеджері


     Фил Мик                - "Шеврон мұнай-газ Қазақстан"

                              компаниясының президенті


     5. Жұмыс тобы барынша қысқа мерзімдерде:


 
       1) "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк" компаниясының "Теңіз-Ақтау" мұнай құбырын оңалтудың жобасы жөніндегі келісім-шартқа қол қоюын және оны іске асыруды;
      2) аталған жоба бойынша барлық қажетті іс-шараларды үйлестіруді және келісуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
      1) Теңіз-Ақтау теңіз порты темір жол тасымалдарының тұрақтылығын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан танкерлік флотын құру туралы ұсыныс енгізсін.
      Лизинг және танкерлерді сатып алу мәселелерін пысықтасын;
      3) Ақтау теңіз сауда портында толқынға тосқауыл мен бөгеттің құрылысын салу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      7. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары Ғ.Қ. Кешубаевқа жүктелсін.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады