"Үлбі металлургия зауыты" - акционерлік қоғамының қаржы жағдайын тексеру жөнінде комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 5 ақпан N 12-ө

      1. "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамының қаржы жағдайын

 

егжей-тегжейлі тексеру және оның жай-күйін жақсарту жөнінде ұсыныс

әзірлеу мақсатында мына құрамда комиссия құрылсын:


     Жолдыбаева Сәуле         - Қазақстан Республикасының

     Мұсақызы                   Энергетика, индустрия және сауда

                                вице-министрі, төраға


     Жәкішев Мұхтар Еркінұлы  - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ

                                президенті, төрағаның орынбасары

                                (келісім бойынша)


     Жүнісбеков Бақытжан      - Қазақстан Республикасының

     Шолпанбайұлы               Мемлекетті кіріс министрлігі Шығыс

                                Қазақстан облыстық салық

                                полициясы басқармасының бастығы


     Қауымбаева Гүлмира       - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ

     Жұмаділқызы                Қаржы департаментінің менеджері

                                (келісім бойынша)


     Қизамбаева Ақзер         - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ

     Ізтұрғанқызы               президентінің экономикалық

                                мәселелер жөніндегі кеңесшісі

                                (келісім бойынша)


     Клякин Владимир          - Қазақстан Республикасының

     Викторович                 Энергетика, индустрия және сауда

                                министрлігінің басқарма бастығы


     Окшина Галина Ивановна   - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" ЖАҚ бас

                                бухгалтері (келісім бойынша)


     Рақымова Мира            - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ

     Әбікенқызы                 Өндірістік техникалық

                                департаментінің менеджері

                                (келісім бойынша)


     Тілеулесов Бегәлі        - Қазақстан Республикасының

     Жақсылықұлы                Мемлекеттік кіріс министрлігі

                                Салық комитетінің басқарма

                                бастығы


     Язиков Виктор            - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ

     Григорьевич                вице-президенті (келісім бойынша)


     2. Комиссия тексерудің нәтижелері бойынша 1999 жылдың 15 ақпанына

дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Үлбі металлургия

зауыты" акционерлік қоғамындағы қаржы жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныс

енгізсін.

     3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады