Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Президенттерінің кездесуін өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы 1999 жылғы 12 ақпандағы N 6 өкімін іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 16 ақпан N 16-ө

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Астана қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Президенттерiнiң 1997 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шарттың екi жылдығына арналған кездесуiн өткiзуге байланысты ұйымдастыру iс-шаралары туралы" 1999 жылғы 12 ақпандағы N 6 өкiмiн орындау үшiн:
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, агенттiктерi және ведомстволары Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы 1999 жылғы 12 ақпанда бекiткен N 19-16/10 Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Президенттерiнiң кездесуiне дайындалу және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1999 жылға

 

арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен

Кездесудiң шеңберiндегi барлық iс-шараларды өткiзуге ақша

қаражатын бөлсiн.

     3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлiгiне жүктелсiн.


     Премьер-Министр


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады