Каспий теңізінің су басу аймағындағы Атырау облысы Қаратон поселкесінен және Атырау қаласының авариялық үйлерінен көшірілетін адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында:
1. Атырау облысының әкімі заңдарға сәйкес:
Атырау қаласы мен Жылыой ауданының әкімдерінің Каспий теңізінің су басу аймағындағы Қаратон поселкесінен және Атырау қаласының авариялық үйлерінен көшірілетін адамдарға арналған Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы құрылысы аяқталған тұрғын үйлерді тапсырысшы - "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамынан қабылдап алуын қамтамасыз етсін;
бір апта мерзімде Каспий теңізінің су басу аймағындағы Қаратон
поселкесінен және Атырау қаласының авариялық үйлерінен көшірілетін
адамдарға арналған тұрғын үйлерді бөлу туралы ережені бекітсін;
тұрғындарды су басу аймағы мен авариялық үйлерден көшіруді және осы
мақсатта салынған тұрғын үйлерді олардың арасында бөлуді қамтамасыз етсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Омарбекова А.
Икебаева А.