Жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне оқыту және консультациялар беру орталықтарын құру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 19 наурыз N 35

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен, Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, бір айлық мерзім ішінде ауыл, аудан әкімдерін, фермерлерді және ауылдағы басқа да меншік иелерін ауыл шаруашылығы экономикасын реформалау және нарықтық жағдайда жұмыс істеу мәселелері жөнінде оқытудың, даярлаудың және консультациялар берудің оқу-әдістемелік құжаттамасы мен жоспарын әзірлесін.
      2. Облыс әкімдеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп бар арнаулы оқу және ғылым орындарын пайдалана отырып, қаржыландыру көздерін анықтап, ауылдық, аудандық әкімдерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне оқыту бойынша тұрақты жұмыс істейтін консультациялық орталықтар ашу жөнінде шаралар қолдану ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 1999 жылдың бірінші жарты жылдығының ішінде ауыл үшін кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты

 

қалыптастыру үшін аймақтар бойынша мамандықтардың тұрғысында ауыл

шаруашылығы мамандарына болжамдық қажеттілікті айқындасын.

     4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл

шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады