Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы мәжілісінің мемлекеттік бюджетке салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерін орындау үшін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павлов, Үлбі металлургия зауыты акционерлік қоғамының қаржы жағдайын тексеру жөніндегі комиссияның жетекшісі комиссияның отырысында "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ-ы мен "ТВЭЛ" (Ресей) арасындағы қазақстан тарапы мүдделерінің сақталуы бөлігінде келісім-шарттарды жасасудың талаптары мәселесін қарасын және нәтижесін 1999 жылғы 1 сәуірге баяндасын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі О.Ә.Жандосов мүдделі министрліктердің қатысуымен:
"Павлодар МӨЗ ССL" АҚ компаниясымен концессия шартын 1999 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде;
"Маңғыстаумұнайгаз" және "Қаражан басмұнайгаз" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату бойынша Келісім-шарттар туындайтын міндеттемелерді инвесторлардың орындауын 1999 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде қарап, талдау ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс вице-министрі Ә.А.Бектасов тиісті министрліктер мен агенттіктердің мамандарын тарта отырып, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде кеден органдарын автоматтандыру, республикалық алмасу желісін құру, кедендік декларациялардың электрондық көшірмелерін қалыптастыру бойынша "Акцепт" корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 294-а қаулысының қолданылуын сақтаудың орындылығы туралы ұсыныс енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрі С.М.Бүркітбаев "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы", "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы", "KEGOK" акционерлік қоғамдарының, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны акцияларының мемлекеттік бақылау пакеті бап басқа да акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өз телекоммуникациялық жүйесін құруының негізділігін, сондай-ақ осы мақсатта шетелдік жабдықты сатып алудың қажеттілігі мен орындылығын тексерсін. Тексерудің нәтижесін 1999 жылғы 15 сәуірге баяндасын.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, "Алматы халықаралық әуе-жайы" акционерлік қоғамының шаруашылық қызметін тексеру жүргізуді үстіміздегі жылдың 30 наурызына аяқтасын және шешім қабылдауға ақпарат ұсынсын.
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі О.Ә.Жандосов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі З.Х.Кәкімжанов, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязов мүдделі ұйымдардың қатысуымен мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші ұйымдардың акциздерді төлеуінің практикасын зерделесін және 1999 жылғы 1 сәуірге акциз саясатына түзету жасау жөнінде ұсыныс енгізсін.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязов "Атырау МӨЗ" және "Шымкентмұнайоргсинтез" акционерлік қоғамдарын шикізатпен қамтамасыз ету және жұмысын қайта бастауы бойынша шаралар қабылдау мақсатында мұнай өңдеу зауыттары жетекшілерінің және олардың негізгі шикізат берушілерінің қатысуымен 1999 жылғы 1 сәуірге кеңес өткізсін.
8. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязов және Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Ғ. Сәйденов 1999 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде "Богатырь кеніші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің N 9 алаңының даулы N 9 және 10 учаскелерінің тиістілігі мәселесін шешсін.
9. "KEGOK" акционерлік қоғамының төрағасы Е.Д.Фельд бір ай мерзім ішінде компаниядағы істің жай-күйі туралы ақпарат берсін және Қазақстан Республикасы Үкіметіне компания жұмысының тиімділігін арттыру және Екібастұз ГРЭС-2 және аймақтық энергетика компанияларын жекешелендіру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізсін.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі З.Х.Кәкімжанов мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен:
баспа-бас операциялардың жекелеген ұйымдардың экономикасына және экономика салаларына ықпалын зерделесін және 1999 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде Үкіметке шешім жобасын енгізсін;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 1999 жылғы 25 наурызға дейінгі мерзімде белгіленген тәртіппен мыналарды енгізсін:
"Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Әкімшілік, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, (Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлыққа) заңдардың жобалары;
"Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеуді күшейтудің 1999-2000 жылдарға арналған негізгі принциптері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасы.
11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павлов, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары Ғ.Қ.Кешубаев, "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлік қоғамының президенті Н.Ж.Қаппаров және "ҚазТрансОйл" мұнай
тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті
Т.А. Құлыбаев үстіміздегі жылы мұнай және мұнай өнімдерін әкетуге квота
бөлу және экспорт көлемі мәселелерін бірлескен кеңесте қарасын және 1999
жылғы 1 сәуірге Үкіметке осы мәселе бойынша шешімдердің жобасын енгізсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.