Мұнай операцияларын жүргізу кезінде отандық кәсіпорындарды қорғауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 26 наурыз N 38-ө

      1. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде отандық кәсіпорындарды

 

қорғауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін

жұмыс тобы мына құрамда құрылсын:


     Досаев Ерболат          - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Асқарбекұлы               индустрия және сауда вице-министрі, жетекші


     Үжкенов Болат           - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар

     Сұлтанұлы                 және қоршаған ортаны қорғау министрлігі

                               Геология және жер қойнауын қорғау

комитетінің

                               төрағасы, жетекшінің орынбасары


     Бозымбаев Қанат         - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Алдабергенұлы             индустрия және сауда министрлігі Мұнай

                               және газ департаментінің директоры,

                               жетекшінің орынбасары


     Шаншарбаева Мәдина      - Қазақстан Республикасының Әділет

     Жанаталықызы              министрлігі Заңдар және халықаралық

                               құқық департаменті директорының орынбасары


     Сейдағалиев Шыңғысхан   - Қазақстан Республикасының Энергетика,

                               индустрия және сауда министрлігі Мұнай

                               және газ департаментінің бөлім бастығы


     Дәмитов Нұрдин          - Қазақстан Республикасы Инвестициялар

     Базарұлы                  жөніндегі агенттігінің Құқықтық қамтамасыз

                               ету және инвесторлардың өтініштерімен жұмыс

                               дирекциясының директоры


     Сүйесінов Амантай       - Қазақстан Республикасы Инвестициялар

     Кемелұлы                  жөніндегі агенттігінің Жер қойнауын

                               пайдалануға инвестициялар дирекциясының

                               аға менеджері


     Керімбеков Әрсен        - Қазақстан Республикасы Инвестициялар

     Жақашұлы                  жөніндегі агенттігінің экономиканың басым

                               секторларына инвестициялар дирекциясының аға

                               менеджері


     Есімова Гүлнар          - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны

     Сақтағанқызы              реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі

                               агенттігінің бәсекелес рыноктың дамуы

                               басқармасы бастығы


     Хасанов Бақытжан        - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы

     Кеңесұлы                  Жобаларды басқару департаментінің

                               директоры (келісім бойынша)


     Залевская Виктория      - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы

     Владимировна              Заң департаментінің директоры

                               (келісім бойынша)


     Масхұтов Баян           - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

     Масхұтұлы                 әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек     

                               рыногы және лицензиялау бөлімінің бастығы


     Темірқұлов Қайрат       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

     Иманқұлұлы                Фискальдық саясат департаментінің жобалардың

                               салық сараптамасы басқармасының бастығы


     2. Жұмыс тобы:


 
       1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде отандық кәсіпорындарды қорғауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңды нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде:
      шетел қатысатын жер қойнауын пайдаланушылар мұнай операцияларын жүргізу кезінде сервистік қызмет көрсетулер ұсынуға арналған тендерлер туралы ережені;
      мұнай операцияларын жүргізу кезінде отандық тауар өндірушілер шығаратын жабдықтарды шетел қатысатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы мен пайдалануының тәртібі туралы ережені;
      шетел қатысатын жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық-геофизикалық ақпаратты сатып алуы мен пайдалануы туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Жұмыс тобына министрліктер мен ведомстволардың мамандарын,

 

сондай-ақ сарапшылар мен консультанттарды жұмысқа тарту құқығы берілсін.

     4. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары тиісті

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуде жұмыс тобына жәрдем

көрсетсін.

     5. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязовқа жүктелсін.


     Премьер-Министр



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.   









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады