"Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бюджетке төлемдер бойынша кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 27 сәуір N 53-ө

      "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында БН-350 реакторын пайдаланудың тоқтатылуына байланысты, реактордың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шараларды жүргізуді қаржыландыру көзінің болмауын, сондай-ақ БН-350 реакторының маңызды қауіпсіздік жүйелерін сақтау жөніндегі өндірістік емес шығындарды "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асыратынын назарға ала отырып және қаржылық жағдайда тұрақтандыру әрі кәсіпорында өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, оның өтініші бойынша, 1999 жылға арналған республикалық бюджетке ағымдағы төлемдер бойынша 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімін ұзартуды заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      2. "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық

 

мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс

министрлігімен бюджетке берешекті 2000-2001 жылдар ішінде өтеудің кестесін

келіссін.

     3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия  және сауда

министрлігі "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының бюджетке берешекті өтеудің кестесін орындауын

қамтамасыз етсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады