Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарын орындау жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 29 сәуір N 55-ө

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарында көзделген заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметіне ұсыну жөніндегі жұмыстың қанағаттанғысыздығын атай отырып:
      1. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарында көзделген заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшылары тиісті заң жобаларының Үкіметке енгізілуін мүлтіксіз қамтамасыз етуі;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.Ә.Мұхамеджановтың

 

тиісті заң жобаларының Үкіметке уақытылы енгізілуі жөніндегі жұмысты

жеке өзі бақылауға алуы міндеттелсін.

     2. Жоғарыда аталған басшыларға заң жобаларын Үкіметке енгізудің

мерзімдері бұзылған жағдайда оларға тәртіптік жауапкершілік шаралары

қолданылатындығы туралы ескертілсін.


     Премьер-Министр


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады