Қазақстан Республикасының Ямбург Келісімдері бойынша Венгер Республикасының және Чех Республикасының алдындағы міндеттемелерін реттеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 14 мамыр N 62-ө. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.09. N 88 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Ямбург газ кен орнын игерудегі және Ямбург - КСРО Батыс шекарасы арналы газ құбырын, сондай-ақ Теңіз және Қарашығанақ кен орындарының объектілерін салудағы ынтымақтастық туралы КСРО-ның, Венгер Халық Республикасының және Чехословакия Социалистік Республикасының бұрынғы Үкіметтері бұрын қол қойған Ямбург Келісімдері бойынша Венгер Республикасының және Чех Республикасының алдындағы міндеттемелерін реттеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
     1. Қазақстан Республикасының Ямбург Келісімдері бойынша Венгер Республикасының және Чех Республикасының алдындағы міндеттемелерін реттеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөнінде мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Тоқаев             - Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрінің
Қасымжомарт          орынбасары - Қазақстан Республикасының
Кемелұлы             Сыртқы істер министрі, жетекші

Досаев Ерболат     - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Асқарбекұлы          индустрия және сауда вице-министрі, жетекшінің
                     орынбасары

Аханов Серік       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ахметжанұлы          вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайырбекұлы          Кеңсесі Басшысының орынбасары

Бозымбаев Қанат    - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Алдабергенұлы        индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ
                     департаментінің директоры

Козлов Юрий        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Константинович       Мемлекеттік қарыз басқармасы бастығының
                     орынбасары

Зверьков Вадим     - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Павлович             министрлігі Халықаралық экономикалық
                     ынтымақтастық департаментінің директоры

Вершинин           - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Александр Юрьевич    Халықаралық құқық және хаттама басқармасы
                     бастығының міндетін атқарушы

Нұрғалиев Асқар    - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық
Қайыртайұлы          акционерлік қоғамының газ жобалары жөніндегі
                     директоры (келісім бойынша)
      2. Жұмыс тобы тиісті келіссөздер жүргізсін және Теңіз бен Қарашығанақ кен орны объектілері бойынша жұмыс көлемін нақтылай отырып, Ямбург Келісімдерін іске асыру кезінде туындайтын міндеттемелерді реттеу тетігі бойынша ұсыныстарды 1999 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Венгер Республикасы мен Чех Республикасының мүдделі тараптарымен қажетті консультациялар және келіссөздер жүргізуді қамтамасыз етсін.
      4. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен мамандар тарту, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Ямбург Келісімдеріне қатысты қажетті ақпарат алу құқығы берілсін.

     Премьер-Министрдің
     міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады