Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін қараудың қорытындылары бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында:
1. Министрліктер, агенттіктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Мемлекет басшысына тікелей бағыныстағы мемлекеттік органдар (келісім бойынша) 1999 жылдың 10 шілдесіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
2. Ұсыныстарды дайындау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) және Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп, микроэкономикалық саясатқа, оның ішінде дағдарысты жеңуге және экономикалық өсуге бағытталған салықтық және ақша-несиелік түзетуді;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, аймақтарды бір тұрғынға шаққандағы бюджеттік шығыстардың деңгейі бойынша теңдестіруді және орталық пен аймақтардың арасындағы тұрақты фискалдық қатынастарға ақырындап көшуді;
салалық министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламаларын іске асыруды және мемлекеттік мүлікті басқарудың; оның ішінде "көгілдір фишкалардың" тиімділігін арттыруды;
1999-2008 жылдарға арналған үкіметтік және Үкімет кепілдік берген қарыз алу бағдарамаларының негізгі бағыттарын есепке алуды;
2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Көлік, коммуникациялар және туризм, Ауыл шаруашылығы министрліктері:
бұрын бекітілген мемлекеттік және үкіметтік салалық және аймақтық бағдарламалардың;
ұлттық компанияларды дамыту бағдарламаларының;
тамақ, жеңіл, тоқыма, былғары-аяқкиім және химия өнеркәсібін, машина жасауды оңалту және дамыту, ауыл шаруашылығын, онымен аралас және байланысты салаларды дамыту, көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту бағдарламаларының дайындалған жобаларының;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп реформаларды микроэкономикалық деңгейге көшіру жөніндегі шаралардың негізгі бағыттарын есепке алуды;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі фикалдық органдардың қызметін жетілдіру, 1999-2000 жылдарға арналған салықтық және кедендік әкімшіліктендірудің сапасын арттыру, спирт пен алкогольді өнімдерді өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеуді күшейту бағдарламаларының, сондай-ақ мұнай өнімдері жөнінде осы тектес бағдарлама жобасының негізгі бағыттарын есепке алуды көздеу қажет.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, индустрия және сауда, Көлік, коммуникациялар және туризм, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мүдделі органдармен бірлесіп, 1999 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму, оның ішінде заттай көрсетілген көрсеткіштері бойынша ұсыныс енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі 1999 жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығымен бекітілген Үкіметтің 1998-2000 жылдарға арналған нақтыланған іс-қимыл бағдарламасының жобасын және сонымен бір уақытта іс-шаралардың мемлекеттік инвестициялар мен бағалы қағаз рыногын дамытудың қабылданған бағдарламасын ескере отырып оны іске асыру жөніндегі жоспарын, сондай-ақ тікелей инвестицияларды тарту бағдарламасының жобасын;
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының, оның ішінде заттай көрсетілген көрсеткіштерінің тізбесін ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Мемлекеттік кіріс министрліктері облыстардың әкімдерімен бірлесіп үшінші топқа жатқызылған дәрменсіз аграрлық құралымдардың банкроттығы жөніндегі жұмысты аяқтасын және 1999 жылдың 25 тамызына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.
6. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Атансор және Шатыркөл кен орындары жөнінде шешім қабылдасын және нәтижелері туралы 1999 жылдың 5 шілдесіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, индустрия және сауда, Әділет министрліктері, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі "АЭС" және "Харрекейн" компанияларымен, "ССЛ-Ойл", "Богатырь Акссес Көмір" және "Сентрал Эйша Цемент" кәсіпорындарымен дауларды реттеу жөнінде шаралар қабылдасын және 1999 жылдың 10 тамызына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосов екінші деңгейдегі банктердің кірістілігін талдау, экономикадағы ақша массаларын көбейту шарттарын дайындау, сондай-ақ бюджеттің 1999 жылдың бюджетіне кірмеген кредиторлық берешектерінің проблемасы мен бұл берешектерді өтеудің кестесін зерделеу жөнінде жұмыс тобын құрсын. Жұмыстың нәтижесі туралы 1999 жылдың 25 маусымына баяндасын.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерімен бірлесіп:
2000 жылдан бастап басымдықты бағдарламалардың негізінде Бюджет комиссиясы жұмысының шеңберінде бюджетті қалыптастыруды;
кредиторлық берешектерді көбейтпестен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды ағымдағы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп жұмыссыз адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі жұмысты кеңейтсін және жандандырсын. Жүргізілген жұмыс туралы есептіден кейінгі айдың 5 күні Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.
11. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары мемлекеттік қызметшілердің, банктерді қоса алғанда, жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне бөгет жасау мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар жасасын және қажет болған жағдайда келісілген ұсыныс енгізсін.
12. Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мүдделі министрліктермен және агенттіктермен бірлесіп олардың санын қысқарту тұрғысындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне түгендеу жүргізсін және қолданылып жүрген заңдарды өзгерту және толықтыру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізсін.
13. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мүдделі министрліктермен бірлесіп республиканың аумағында тауарлар мен қызмет көрсетулерді бірыңғай рыногының жұмыс істеуіне, тауарлардың еркін қозғалысына кедергі келтіретін қолданылып жүрген шектеулерді зерделесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды тоқтату жөнінде ұсыныс енгізсін.
14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылдың 25 маусымына дейін:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына, оның ішінде оған салық салу жөніндегі негізгі нұсқаулықтарды енгізу жолымен, түзетулер дайындау үшін жұмыс тобын құру жөнінде ұсыныс енгізсін;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп 1999
жылдың 20 тамызына дейін жұмыс тобының осы мәселе бойынша тиісті
заңның жобасын дайындауын қамтамасыз етсін.
15. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
А.С.Павлов мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілерді тексеруді үйлестіруді қамтамасыз етсін.
16. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.