1999 жылғы астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 30 шілде N 116-ө

      1999 жылғы астықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы құрылсын.
      2. Жұмыс тобы орталық және жергілікті атқарушы органдардың:
      астық компанияларының және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен астық сатып алуға бағытталған ақшасының уақытында қайтарылуы;
      желілік элеваторлар мен астық қабылдау пункттеріндегі мемлекеттік ресурстар мен мемлекеттік резервтегі астықты есепке алудың, сақтаудың және өткізудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау;
      астықтың республика шегінен тыс заңсыз әкетілуі фактілерін табу, анықтау және жолын кесу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыруын қамтамасыз етсін.
      3. Жұмыс тобы осы өкімнің атқарылу барысы туралы Қазақстан

 

Республикасының Үкіметін ай сайын хабардар етіп отырсын.

     4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жұмыс

топтарын ұйымдастыру және осы секілді міндеттерді шешу үшін оларды басқару

әкімдердің бірінші орынбасарларына жүктеу ұсынылсын.


     Премьер-Министр



                                     Қазақстан Республикасы

                                     Премьер-Министрінің

                                     1999 жылғы 30 шілдедегі

                                        N 116-ө өкіміне

                                            қосымша


     1999 жылғы астықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру

      үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару

       органдарының іс-қимылын үйлестіру жөніндегі жұмыс

                  тобының құрамы


     Нүкенов               - Қазақстан Республикасының

     Маратқали Ордабайұлы    Мемлекеттік кіріс министрлігі

                             Кеден комитетінің төрағасы,

                             жетекші


     Кузьменко             - Қазақстан Республикасының

     Сергей Михайлович       Мемлекеттік кіріс министрлігі

                             Салық полициясы комитеті

                             төрағасының бірінші

                             орынбасары, жетекшінің

                             орынбасары


     Дружинин              - Қазақстан Республикасының

     Анатолий Михайлович     Ұлттық қауіпсіздік комитеті

                             төрағасының орынбасары

                             (келісім бойынша)


     Константинов          - Қазақстан Республикасы

     Анатолий Васильевич     Бас прокурорының

                             орынбасары

                             (келісім бойынша)


     Отто                  - Қазақстан Республикасы

     Иван Иванович           Ішкі істер министрінің

                             орынбасары


     Айтжанов              - Қазақстан Республикасының

     Дулат Нүлиұлы           Ауыл шаруашылығы

                             вице-министрі


     Досаев                - Қазақстан Республикасының

     Ерболат Асқарбекұлы     Энергетика, индустрия және

                             сауда вице-министрі


     Құлмаханов            - Қазақстан Республикасының

     Шалбай                  Төтенше жағдайлар жөніндегі

                             агенттігінің төрағасы


     Радостовец            - Қазақстан Республикасының

     Николай Владимирович    Табиғи монополияларды реттеу

                             және бәсекені қорғау

                             жөніндегі агенттігінің төрағасы


     Смағұлов              - "Азық-түлік келісімшарт

     Нұрлан Еркебұланұлы     корпорациясы" ЖАҚ

                             басқармасының төрағасы

                             (келісім бойынша)


     Ильяшенко             - "Республикалық астық

     Юрий Михайлович         сараптамасы" РМК директоры



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады