"Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жан-жақты тексеру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 9 қыркүйек N 127-ө

 


     "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 1998 жылғы және

1999 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты

тексеруді ұйымдастыру мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Темірбек Сабыржан        - Қазақстан Республикасының

     Мерханұлы                  Қаржы министрлігі Қазынашылық

                                комитетінің Алматы қалалық

                                басқармасының әлеуеттік

                                министрліктер мен ведомстволарды

                                ревизиялау бөлімінің бас

                                қазынашысы


     Әбділманов Марат         - Қазақстан Республикасы Ұлттық

     Мейірханұлы                қауіпсіздік комитеті ІІ

                                департаментінің бөлім бастығы

                                (келісім бойынша)


     Рыспаев Абылай           - Қазақстан Республикасының

     Еркінбайұлы                Ұлттық қауіпсіздік комитеті

                                V департаменті бөлім бастығының

                                орынбасары (келісім бойынша)


     Сәтпаев Марат            - Қазақстан Республикасының

     Қабылтайұлы                Мемлекеттік кіріс министрлігі

                                Салық полициясы комитетінің

                                ерекше маңызды істер жөніндегі аға

                                инспекторы



 
       2. Жұмыс тобы 1 қарашаға дейін мерзімде "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 1998 жылғы және 1999 жылдың 1 жарты жылдығындағы қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты тексерсін және нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндасын.
      3. Жүктелген міндеттерді орындау үшін жұмыс тобының Алматы қаласының

 

атқарушы органдарымен және орталық атқарушы органдардың аумақтық

бөлімшелерінен мүдделі мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, ұсыныстар мен

қорытындыларды алуға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен жұмысқа тиісті

мамандарды тартуға құқығы бар.

     4. Аталған өкімнің атқарылуын бақылау Премьер-Министрдің Кеңсесіне

жүктелсін.


     Премьер-Министр



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады