"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" ЖАҚ және "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
мұнай өндіру ұйымдарынан мемлекеттік бюджетке салықтың және мемлекеттік
бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін бақылау
мақсатында:
1. Көрсетілген қоғамдардың салық салынатын базасы құрылуының растығын
тексеру жөнінде мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Нұрпейісов Қайрат - Қазақстан Республикасы
Айтмұхамбетұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі,
жетекші
Григорьева Светлана - Қазақстан Республикасы Табиғи
Петровна монополияларды реттеу және
бәсекені қорғау жөніндегі
агенттігінің Табиғи монополияларды
реттеу департаменті директорының
орынбасары
Жолдасбаев Сансызбай - Қазақстан Республикасының
Елеусізұлы Статистика жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Үпішев Ерлан - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау
Елемесұлы жөніндегі ұлттық компаниясы"
ЖАҚ бірінші вице-президенті
(келісім бойынша)
Османова Фахра - Қазақстан Республикасы
Анасқызы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Сыртқы
экономикалық саясат және сауда
департаментінің директоры
Шалова Светлана - Қазақстан Республикасының
Анатольевна Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің кедендік кіріс
басқарма бастығының орынбасары
Юсуп Айбек - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кеңесұлы Министрінің Кеңсесі Ақпараттық-
талдау бөлімінің консультанты
2. Жұмыс тобы:
тексеру кезінде мемлекеттік бюджетке түскен салық пен басқа да міндетті төлемдер сомаларының өндірілген мұнайдың бағалары мен көлемдеріне сай келуіне оның пайдаланған бағыттары мен сатылған арналарын ескере отырып ерекше көңіл бөлетін болсын;
1999 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде тексерудің нәтижелері бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныстарымен қорытынды тапсырсын.
3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан
Қазақстан Республикасында мұнай өндіру, тасымалдау, өңдеу, сақтау және сату
жөнінде шаруашылық қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке тұлғалардан
қажетті ақпарат алу құқығы берілсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.