Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 205 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 10 қыркүйек N 129-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 205 U990205_ Жарлығын орындау үшін:
      1. Министрліктер, агенттіктер және ведомстволар он күн мерзімде:
      1) бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 205 Жарлығына сәйкес келтірсін;
      2) орталық атқарушы органдар мен ведомстволар мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру жөнінде құқығы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қайта қарауды қамтамасыз етсін, Әділет министрлігі көмек көрсетсін және бақылауды жүзеге асырсын.
      2. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттік он күн мерзімде мүдделі министрліктермен бірлесіп:
      мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын тек мемлекеттік органдардың ғана жүзеге асыруы мүмкіндігін;
      мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының мемлекеттік бақылау және

 

қадағалау функцияларын мемлекеттік органның мәртебесі жоқ ұйымдарға бергені

үшін заңдық жауаптылығын көздейтін заң жобаларын әзірлесін және Қазақстан

Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынсын.

     3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

     4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Премьер-Министр




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады