Қазақстан Республикасының басым жобаларын қаржыландыру үшін
ынтымақтастықты жандандыру және инвестициялар тарту мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жетекші Араб Қорларынан және Ислам
Даму Банкінен тұратын Үйлестіру тобының арасында "Дөңгелек стол"
ұйымдастыру және өткізу мақсатында:
1. Жұмыс тобы мына құрамда құрылсын:
Қуанышев - Қазақстан Республикасы
Дулат Оразбекұлы Инвестициялар жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Солодченко - Қазақстан Республикасы
Роман Владимирович Экономикалық жоспарлау
жөніндегі агенттігінің төрағасы
Сәйденов - Қазақстан Республикасының
Әнуар Ғалимоллаұлы Қаржы вице-министрі
Бейсембетов - Ұлттық Банк төрағасының
Ескендір Қалықбекұлы орынбасары (келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасы
Ерболат Әскербекұлы Энергетика, индустрия және
сауда вице-министрі
Тілеужанов - Қазақстан Республикасы
Мейрамғали Энергетика, индустрия және сауда
Шөпшекбайұлы министрлігі Өнеркәсіп
департаментінің директоры
Смағұлов - Қазақстан Республикасының
Ағыбай Дінкенұлы Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық экономикалық
ынтымақтастық департаменті
директорының орынбасары
Баталов - "Қазақстандық инвестицияларға
Асқар Болатұлы жәрдемдесу орталығы"
республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның директоры
Ердебай - Қазақстан Республикасының
Дәурен Иманжанұлы Экономикалық жоспарлау
жөніндегі агенттігінің бас маманы
2. Жұмыс тобы жұмыс нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының
Үкіметіне 1999 жылғы 15 қарашаға дейін мерзімде баяндасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.