Жапония Эксимбанкінің несиелік желісін "Қарағандының металлургиялық комбинатындағы кокс газын тазарту цехының құрылысы" ТОКМS-426 келісімшартынан "Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысы" жобасына қайта ресімдеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 13 қараша N 159-ө

 


     Жапония Эксимбанкінің несиелік желісін "Қарағандының металлургиялық

комбинатындағы кокс газын тазарту цехының құрылысы" ТОКМS-426

келісімшартынан (бұдан әрі - ТОКМS-426 келісімшарты) "Кеңқияқ-Атырау"

мұнай құбырының құрылысы" жобасына қайта ресімдеу мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Школьник             - Қазақстан Республикасының

     Владимир Сергеевич     Энергетика, индустрия және сауда

                            министрі, басшы


     Аханов               - Қазақстан Республикасының

     Серік Ахметжанұлы      Экономика бірінші вице-министрі


     Сәйденов             - Қазақстан Республикасының

     Әнуар Ғалимоллаұлы     вице-министрі


     Әбілғазин            - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Данияр Рүстемұлы       вице-министрі - Мемлекеттік мүлік және

                            жекешелендіру комитетінің төрағасы


     Құзытбаева           - Қазақстан Республикасының Әділет

     Ажар Қилымбекқызы      вице-министрі


     Ізтілеуов            - "Қазақстан Эксимбанкі" жабық

     Бейсенбай Ізтілеуұлы   акционерлік қоғамының басқарма

                            төрағасы



 
       2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі апталық мерзімде ТОКМS-426 келісімшартына оның күшіне ену мәселесі жөнінде заңдық сараптама жасасын және кокс газын тазарту цехын салудан бас тартуға байланысты рәсімдер кезінде Қазақстан Республикасының мүдделерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі апталық мерзімде

 

ТОКМS-426 келісімшарты бойынша "Itochu Corporation" фирмасы мен "NKK"

фирмасының ТОКМS-426 келісімшарты жөніндегі шығындарына сараптама жасасын

және Қазақстан Республикасына төлеуге тиісті сома туралы қорытындыны

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.


     Премьер-Министр



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.           





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады