Тауарларды жөнелту алдындағы инспекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қажетті шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 22 қараша N 163-ө

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін импортталатын тауарлардың жекелеген түрлерінің кедендік құнын айқындау жөніндегі процесті жетілдіру және негізделген кедендік төлемдер мен салықтардың есептелуін қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп кедендік бағалаудың халықаралық принциптерінің негізінде Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлерінің құнын айқындау (тиеу алдындағы инспекция) жөніндегі тәртіпті әзірлесін және қабылдасын;
      2) оны алдын ала Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіп тиеу алдындағы инспекцияға жататын импортталатын тауарлардың тізбесін айқындасын;
      3) тауарларды кедендік бағалаудың халықаралық принциптеріне сәйкес

 

айқындау мәселелері бойынша қызметтер көрсететін тәуелсіз консультанттарды

іріктеу жөнінде ашық тендер дайындасын және өткізсін.

     2. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады