Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 30 желтоқсан N 181-ө

      "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, елімізде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі:
      1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;
      2) басқа да мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп, оларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды қамтамасыз етсін;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері туралы деректердің ақпараттық базасы бар компьютерлік бағдарламасын құру жөнінде шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы, Мемлекеттік кіріс, Көлік және коммуникациялар министрліктері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарын ақпараттандыруды және олардың лауазымды адамдарының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелеріне қатысты мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі эпидемиологиялық, санитарлық-гигиеналық және радиациялық жағынан ықтимал қауіпті жүктерді кедендік ресімдеу кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуіне жәрдемдессін.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының шағын бизнес объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуіне жәрдемдессін.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мемлекеттік

 

санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүргізетін

санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру жөнінде кезек

күттіретін ұйымдастырушылық шараларын әзірлесін, бекітсін және жүзеге

асырсын.

     6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау ісі жөніндегі агенттігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады