"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 16/2

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнің өкiлi - Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары Т.С. Донаковтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы өтiнiшiн қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар - Конституциялық Кеңес мүшелері А.К. Котовтың және Ж.Д. Бұсырмановтың баяндамаларын және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Республика Конституциясына сәйкестігі туралы өтініші келіп түсті.
      Қазақстан Республикасының Парламенті 2000 жылғы 27 маусымдағы Палаталардың бірлескен отырысында қабылдаған және 2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселені қарағанда, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.
      Қазақстан Республикасының Парламенті Конституцияның 49-бабына сәйкес Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
      Конституцияның 62-бабы 1-тармағының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің "Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 44-бабының 2) тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" S000015_ 2000 жылғы 3 шілдедегi N 15/2 қаулысына сәйкес ол заң актiлерiн заң түрiнде де, оның iшiнде елдiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын да қабылдауға құқылы.
      Қазақстан Республикасының Парламентi 2000 жылғы 27 маусымда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын осы деңгейдегi заң актiлерiн қабылдау үшiн көзделген конституциялық тәртiппен және регламенттiк рәсiмдерге сәйкес қабылдаған. Осы Конституциялық заңды реттеу мәнi Конституцияның 61-бабы 3-тармағымен аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн заңдар шығаруға Қазақстан Республикасының Парламентiне берiлген төтенше құзырет ауқымына жауап бередi. Атап айтқанда ол Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершілігiне қатысты негiзге алынатын принциптер мен нормаларды белгiлейдi.
      Конституцияның 92-бабына сәйкес, онда конституциялық деп аталған заңдар осы Конституция күшiне енген күннен бастап бiр жыл ішінде қабылдануға тиiс. Осы ереженi оның белгiлеген қандай конституциялық заңдарының алдымен қабылдануға тиiс екенiн белгiнедi деп түсiну керек, бiрақ бұл Конституция мәтiнiнде конституциялық деп аталған заңдар түбегейлi анықталды дегендi бiлдiрмейдi.
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңды қабылдауға Қазақстан Республикасы Конституциясы 46-бабының, 44-бабы
20) тармақшасының, 71-бабының нормалары, сондай-ақ Кiрiспе мен 1-бабы 2-тармағының ережелерi конституциялық-құқықтық негiз болып табылады.
      Конституцияның 46-бабы Республика экс-Президенттерiне Республика Президентiнiң абыройы мен ар-намысына ешкiмнiң тиiсуiне болмайтындығы және Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылатыны туралы ереженi қолданады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi өз өкiлеттiктерiн атқаруды тоқтатқаннан кейiн Республиканың экс-Президентi болады, кезектi сайлауларда сайланған Қазақстан Республикасының Президентiне конституциялық өкiлеттiктерiн бередi. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заң экс-Президенттер үшiн Конституция белгілеген қол сұғылмаушылық пен қамтамасыз ету туралы кепілдiктердi жаңа тәуелсiз мемлекет құрылысына Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің ерекше рөлi мен үлесiне қатысты нақтылы көрсетедi.
      Конституцияның 71-бабы Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің мүшесi болып табылады және мұндай құқық өз өкiлеттiктерiн атқаруды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне берiлуге тиiс.
      Конституцияның 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес жұмыс iстеп жүрген Қазақстан Республикасы Президентiнің Қауiпсiздiк Кеңесi мен басқа да консультативтiк-кеңесшi органдарды құруы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңның 1-бабы 2) тармақшасының нормаларына қайшы келмейдi. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің Қауiпсiздiк Кеңесінің құрамына енуi, сондай-ақ жаңа тәуелсiз мемлекеттің негiзiн қалаушы, қазақстандық патриотизмнің идеологы және ұлтаралық келiсiмнiң кепiлi ретiнде Қазақстан халықтары Ассамблеясына төрағалық етуi сол кезеңдегі ел Президентiнің жоғарыда аталған конституциялық өкiлеттiктердi жүзеге асыруына кедергi болмайды.
      Жұмыс iстеп жүрген ел Президентiнен бiр ерекшелiгi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi жолдаулар, жарлықтар және өкiмдер шығармай, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңның 1-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан халқының көшбасшысы ретiнде халыққа, Республика Парламентiне және Үкiметiне ел үшiн маңызды мәселелер талқыланған кезде қажеттi бастамалар көтере алады, бұл да жұмыс iстеп жүрген Президент құқықтары кешенiн көздейтiн Конституцияның K951000_ 44-бабының нормаларына қайшы келмейдi.
      Сонымен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңды Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiлiк мәнiне орай талдау Парламенттің осы Конституциялық заңды екiншi оқылымда 2000 жылғы 27 маусымда Палаталардың бiрлескен отырысында әрбiр Палата депутаттары жалпы санының "жақтаймын" деген 2/3 дауысы көпшілігiмен Конституция белгілеген тәртiппен қабылдағанын көрсеттi. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңның нормалары мен ережелерi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келедi.
      Жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң, сондай-ақ дамыған демократия елдерiнің тәжiрибесi осы заманғы конституционализмнің мемлекет басшысы қызметiн атқарған және өз мiндеттерiн атқаруды тоқтатқан адамдарды саяси және әлеуметтiк кепілдiктермен қамтамасыз ету үрдiсiн растайды.
      Баяндалғанның және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы негiзінде, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына

сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және 
шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 
4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, Республиканың бүкiл аумағында 
жалпыға бiрдей мiндеттi және түпкiлiктi болып табылады.
     3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз 
басылымдарында жариялансын.
     
     Қазақстан Республикасы 
     Конституциялық Кеңесі
     Төрағасының міндетін атқарушы
     
     Мамандар:
     Икебаева А.Ж.
     Омарбекова А.Т.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады