Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Ақмола облыстық сотының 1980 жылғы 13 қарашадағы Қазақ КСР Заңы бекіткен, "Қазақ КСР адвокатурасы туралы. Ереженің 3-бабының 3-бөлігін конституциялық емес деп тану жөніндегі өтініші туралы"
ЖаңаҚазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 9/2 (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Хабаршысы) 1-басылым
Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Н. Сәбікеновтың хабарын, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өкілдерінің сөздерін тыңдап, мамандар - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор В.А. Ким мен Алматы қалалық адвокатура алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы адвокаттар Одағының президенті К.К. Карчегеновтың қорытындыларын тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулы етті:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Ақмола облыстық сотынан оның төрағасы А.А. Қасымовтың қолымен Қазақ КСР-інің 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекітілген, 1991 жылғы 28 маусымда және 1995 жылғы 5 қазанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген "Қазақ КСР-інің адвокатурасы туралы Ереженің" 3-бабының 3-бөлігінің конституциялық еместігін тану туралы өтінуі түскен болатын.
Өтінуге облыстық әділет басқармасы Е.Б. Жалғасовтың басшылығымен азаматтардың (заңгерлердің) бастама тобы құрған облыстық N 2 адвокаттар алқасын ұйымдық-құқықтық түріндегі "қоғамдық бірлестік" деп тіркеуден бас тартуы туралы 1996 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығының заңсыздығын тану туралы Е.Б. Жалғасовтың талап арызы бойынша азаматтық істі Ақмола облыстық сотының қарауы себеп болды.
Ақмола облыстық соты 1996 жылғы 7 тамызда талап арызды қарап, шешім қабылдаған болатын, ал Ақмола облыстық әділет басқармасы оны Ақмола облыстық N 2 адвокатурасы алқасын қоғамдық бірлестік түріндегі заңды тұлға түрінде тіркеуге міндетті еді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 106-бабына және Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына сәйкес ортақ мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған азаматтар бірлестігі қоғамдық бірлестіктер болып табылатынын сот шешіміне негіз болғанын атап көрсеткен болатын. Қолданылып жүрген, 1980 жылғы "Қазақ КСР- інің адвокатура туралы Ережесінде" адвокаттық қызметпен (3-бап) айналысатын адвокаттар алқасы тұлғалардың ерікті бірлестігі делінген, мұның өзі "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңға қайшы келмейді. Сондай-ақ сот адвокаттар алқасы азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне жатады делінген ғылыми сараптаманың қорытындысына сүйенген. Себебі қоғамдық бірлестіктерді тіркеудің тәртібі бірдей бекітілген, демек, ол сот пікірі бойынша, қоғамдық бірлестіктерді құруға мемлекеттік органдардың алдын ала келісім беруін қажет етпейді.
Соттың бұл шешімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 1996 жылғы 23 қарашадағы ұйғарумен де бұзған және іс басқа судьялар құрамында қайта қарау үшін адвокатура туралы заңның 3-бабының 3-бөлігінің конституциялық еместігін тану туралы сол сотқа жіберілген болатын. Сөйте тұра, Конституциялық Кеңеске жүгіну үшін Ақмола облыстық сотына ұсыныс жасалған.
Аталған өтінуді және оған тігілген материалдарды талдай келе Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқығы мен бостандықтары адамға тумысынан жазылғандығы, олар абсолютті деп танылатындығы, олардан ешкім айыра алмайтыны (12-бап, 2-тармақ) бекітілген және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеулі мүмкіндігі (39-бап, 1-тармақ) атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1 тармағында былай делінген: "Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі (23-бап, 1-тармақ) және оған кепілдік беріледі. Оған қоса, Конституциясының 5-бабында қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызметі қандай жағдайда шектелетіні, азаматтардың бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі, өздерінің құқықтарын пайдалануға қатысты ой-мақсаттарына қандай да бір келісімді немесе бекітуді қажет етпейтіні айқын белгіленген.
Конституциялық ережелер негізінде сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 2-тармағын іске асыру тәртібі бойынша 1996 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңы қабылданды, сонда айтылғандай "бірлестіктерге ерік беру құқығы адам мен азаматтың аса маңызды конституциялық құқығын білдіреді, оларды жүзеге асыру қоғам мүддесіне жауап береді және мемлекеттің қорғауында болады".
Қоғамдық-құқықтық үлгіде "Қоғамдық бірлестік" ретінде құрылатын заңды тұлға ретіндегі N 2 Ақмола облыстық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 34-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымға жатқызылады, өйткені ол пайда табу мақсаты мен оны құрылтайшылары арасында бөлісу мақсатын көздемейді әрі адвокаттық қаламақыны аудару есебінен ұсталады.
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңның 3-бабында оның ықпалының барлық қоғамдық бірлестіктерге тарайтыны, бірақ саяси партияларды, кәсіподақтар және жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерін құруға және жоюға байланысты ерекшеліктер басқа заң актілері мен реттелуі мүмкін. Осы бапқа сәйкес жалпы принциптер негізінде қоғамдық бірлестіктерді құру мен қызметі негіздерін айқындайтын адвокатураны ұйымдастыру мен қызметі тәртібін реттейтін арнайы актілерді шығару дұрыс.
1980 жылғы 13 қарашадағы "Қазақ КСР адвокатурасы туралы ережені", 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулер мен толықтыруларды жекелей алғанда Ереженің 3-бабының 3-бөлігін қарай отырып, сөз жалпы принциптер шеңберінде жіберілетін ерекшеліктер туралы емес, ерекшеліктерді есепке алу түріндегі жалпы принциптерден бас тарту туралы болып отырғанын атап өту керек. Жоғарыда келтірілген жалпы принциптер.
1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңда қоғамдық бірлестіктерді тіркеу үшін бірлестіктерді жоғары тұрған органның алдын ала келісімін алу тәртібі және қаралып отырған Ереженің 3-бабының 3-тармағында көрсетілген тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдарда бекіту тәртібі белгіленбеген.
Осылай алғанда, 1980 жылғы 13 қарашадағы "Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженің", 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулерімен және толықтырулармен белгіленген адамдардың ерікті бірлестігі ретінде, адвокат қызметімен шұғылданатын адвокаттар алқасын құру тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясында және 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңында белгіленген қоғамдық бірлестіктердің жалпы және негізгі принциптеріне сәйкес келмейді.
Бұлардан тыс "Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженің" 3-бабының 3- бөлігінде көрсетілген талаптар осы мәселелерге қатысы бар заңдарда айтылмайды.
Тіркеудің жалпы тәртібін белгілейтін 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында, 1995 жылғы 31 тамыздағы, 1995 жылғы 5 қазандағы және 1996 жылғы 26 қаңтардағы өзгертулер мен толықтыруларда қоғамдық бірлестіктерді құруға жоғары тұрған органың келісімін міндетті түрде алу айтылмаған.
1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, 1995 жылғы 31 тамыздағы және 1997 жылғы 7 сәуірдегі өзгертулерге және толықтыруларға сәйкес адвокат қызметін көрсету лицензиялауға жатады. Жоғары тұрған органның келісімін алу және жергілікті атқарушы органдарда бекіту тәртібі аталған Заңмен лицензиялау үшін қажетті талаптарға енгізілмейді.
Мемлекет адвокаттар алқасы қызметін қаржыландырмайды. Мемлекеттік қаржыландыру республикалық бюджет туралы қабылданатын заң негізінде жүзеге асырылады. 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңында адвокаттар алқасын мемлекеттік қаржыландыруға байланысты нормалар жоқ. Конституцияның 13- бабының 3-тармағына, Қазақ КСР-нің ҚІЖК 23 және Қазақ КСР-нің АІЖК 90-1- баптарына сәйкес мемлекет тек адвокат еңбегіне ақы төлей отырып, заң жүзінде тегін мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірігуіне, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдар міндетін жүктеуге жол бермейді (5-бап, 1,2 тармақтар).
Жоғарыда келтірілгендер "Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженің" 3- бабы 3-бөлігінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген азаматтардың құқығы мен еркіне нұқсан келтіретініне негіз болып табылады.
Конституциялық Кеңес жоғарыда айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 31-33-баптарын басшылыққа алып қаулы етті:
1. Қазақ КСР-нің 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен, 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулерімен және толықтыруларымен бекітілген "Қазақ КСР-і адвокатурасы туралы Ереженің" 3-бабының 3-бөлігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1-тармағында бекітілген адам мен азаматтың құқығына және еркіне нұқсан келтіретін конституциялық емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 39-бабы 2-тармағына сәйкес Конституция бекіткен адам мен азаматтың құқығы мен еркіне нұқсан келтіретіні танылған заңдардың конституциясыздығына сәйкес заңды күші жоғалады және қолданылуға жатпайды. Осындай заңға негізделген соттар мен басқа құқық қорғау органдарының шешімдері орындауға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы, 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Қазақстан аумағына жалпы міндетті болып есептеледі және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығының 38-бабы 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды ескергенде түпкілікті болып табылады және арыздануға жатпайды.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз