Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 8 мамырдағы N 10/2 (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Хабаршысы) 1-басылым
Баяндамашылар - Конституциялық Кеңес мүшелері С.Ғ. Темірболатовтың және В.Д. Шопиннің хабарламаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің өкілдері Б.Ә. Мұхамеджановтың, И.И. Роговтың, Республика Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің өкілдері Ө.А. Жолдасбековтың, Н. Қалиевтің, Ж.М. Әбділдиннің, И.П. Щеголихиннің және С. Шаухамановтың, сарапшы М.М. Копыленко мен маман Қ. Қадашеваның сөздерін тыңдап, аталған өтіну бойынша маман Р.М. Есболатованың жасаған қорытындысымен және басқа материалдармен таныса келіп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ұйғарды:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 1997 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентіне 1997 жылғы 24 наурызда қол қоюға тапсырылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініші келіп түсті.
Берілген Заңның, Конституциялық Кеңестің сұрауы бойынша түскен материалдардың мазмұнын, сарапшының және мамандардың қорытындыларын зерттей келіп, Қазақстан Республикасы Президенті мен Парламенті өкілдерін тыңдай келіп, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын негізінен Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес деп тапты. Аталған заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын жүзеге асыру ретінде қабылданған.
Соған қарамастан, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы қабылданған Заңның 8 және 23-бабының үшінші бөлігі нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір нормаларына сәйкес келмейді деп есептейді. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның "Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының" жұмыс және іс- қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, қажет болған жағдайда орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылатынын белгілейтін 8-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы 2-тармағына сәйкес келмейді, өйткені заңның талданып отырған нормадағы "қажет болған жағдайда" делінетін сөз тіркесі "ресми түрде қазақ тілі орыс тілімен тең қолданылады деген конституциялық нормасын өзгеріске ұшыратады. Аталған конституциялық норма біржақты түсіндіріледі, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері тең дәрежеде, ешбір жағдайдан тыс бірдей қолданылады.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 23-бабы үшінші бөлігінде бекітілген нормаларды талдау кезінде Конституциялық Кеңес белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптер мен мамандықтардың, сондай-ақ лауазымдардың тізбесін белгілеуге Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмейді дейтін тұрғыдан келеді.
Алайда, атап айтқанда Республика Үкіметі көрсеткен тізім анықтамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағы 1 тармақшасы, 3-баптың 4-тармағы мен 33-баптың 4-тармағына қайшы келеді.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және кәсіби талапқа сәйкес білу талабы субъект құқығына және жеке тұлғалардың міндеттемелеріне жатады, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3- тармағы 1-тармақшасына сәйкес бұл қатынастар тиісті заңдар шығаруға құқылы, заң шығарушы орган ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің тікелей құзырына жатады деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында мемлекеттік тілді қолдану саласындағы қоғамдық қатынастар заңмен реттелетіні белгіленген, ал атқарушы орган ретінде Үкіметке мұндайда мемлекеттік тілді меңгеру үшін қажет ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасау атап айтылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағындағы Республика Парламентінің құзырына жататын қоғамдық қатынастарды реттеу құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметіне беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4-тармағында тұжырымдалған билік бөлісу принципін бұзғандық болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласы үшін мемлекеттік қызметші лауазымына кандидаттыққа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қатысты болады және заңмен белгіленеді. Демек, белгілі бір көлемде мемлекеттік тілді міндетті түрде білу үшін заң шығарушы органның тиісті заңдар шығару жолымен емес Үкіметтің мемлекеттік қызметшілердің лауазым тізімін белгілеуі 33-баптың 4-тармағында тұжырымдалған конституциялық нормаға қайшы келеді.
Айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72бабының 1-тармағы 2 тармақшасын, 17-баптың 2-тармағы 1 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға берілген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 8-бабы Республика Конституциясының 7-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 23-бабының үшінші бөлігіне сәйкес емес - Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағының 1 тармақшасына, 3-бабының 4-тармағына және 33-бабының 4-тармағына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдарға қол қоюға және күшіне енгізуге болмайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, республиканың барлық аумағына жалпы міндетті болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз