Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қазақ КСР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 200-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы" ұсынысы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 4 шілде N 15/2 (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Хабаршысы) 1-басылым
Баяндамашы - Кеңес мүшесі С.Ғ. Темірболатовты, Жоғарғы Сот Төрағасы М.С.Нәрікбаевтің дәлелдерін тыңдай және өндіріс материалдарын зерттей келе таныса келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
ұйғарды:
1997 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Республиканың Жоғарғы Сотының Қазақ КСР-інің ҚІЖК 200-бабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы мәселені қарау жөніндегі Төраға М.С. Нәрікбаев қол қойған ұсынысы түсті.
Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 27 маусымдағы Қаулысымен Жоғарғы Соттың аталған ұсынысы конституциялық өндіріске қабылданған болатын.
Жоғарғы Соттың ұсынысынан байқалғаны, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 76-3-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыспен айыпталған В.В. Тишкиннің тергеуі аяқталған қылмыстық ісін Павлодар қаласының Ильичевск аудандық соты өкімдік мәжілісінде қосымша тергеуге жіберген. Аудандық соттың істі қосымша тергеуге жіберу жөніндегі ұйғаруын Павлодар облыстық сотының алқасы мен төралқасы да қолдаған.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Бас прокурордың наразылығы бойынша айыпталушы В. Тишкиннің келісімінсіз соттың барлық шешімдерін бұзып, соттылығын өзгертіп, Қазақ КСР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 200-бабы негізінде оның тергеуі аяқталған ісін сол аумақтағы сол ауданның сотында істі қарауға болады деп істі жаңадан қайта қарау үшін Алматы қаласы соттарының біріне жіберген.
Айыпталушының соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайтындығын конституциялық құқығы бұзылған деген дәлелмен В.Тишкиннің соттылығы ісін өзгерту бөлігіндегі сот алқасының аталған ұйғаруы бұзылып, істі жүргізу тоқтатылған.
Аталған нақты қылмыстық істің мән-жайлары Жоғарғы Сот Төрағасының Конституциялық Кеңеске өтіну жасауына, Қазақ КСР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 200-бабы Республика Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 3 тармақшасына сәйкес келе ме? деген мәселені қарау жөнінде жіберген ұсынысына негіз болған.
Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 200-бабының конституциялылығын тексеру жөніндегі ұсынысын қараған кезде Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3 тармақшасындағы норма "өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды" деп белгіленген.
Республиканың Қылмыстық істер жүргізу заңында істер санатына қарай - Қазақ КСР-інің ҚІЖК-нің 195, 196 және 197-баптары, сондай-ақ қылмыс жасалған жерде істер тиісті соттарда ҚІЖК-нің 200-бабы - қаралады деген норма бар.
Республиканың Қылмыстық істер жүргізу кодексіндегі басқа нормаларда іс соттылығы белгіленбеген, ал ҚІЖК-нің аталған баптарында қылмыстық істер соттылығын өзгертудің тек тәртібі мен жағдайлары ғана белгіленген.
Талданып отырған конституциялық нормадағы "өзіне заңмен көзделген соттылығын" деген сөз тіркесін Қылмыстық істер жүргізу кодексіндегі тиісті баптарда көзделген соттылық деп ұғыну керек, ал ҚІЖК-нің көрсетілген, 195, 196, 197 және 200-баптары Конституцияның аталған нормасындағы "заңда көзделген соттылық" ұғымына жатады.
Демек, Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3 тармақшасында бекітілген норма өзінің қисынды жалғасын тапқан және Қылмыстық істер жүргізу кодексінің тиісті баптарында, соның ішінде 220-бабында белгіленген "қылмыс қай ауданда істелсе, іс сол ауданның сотында қаралуға тиіс. Қылмыстың істелген жерін анықтау мүмкін болмаған реттерде, егер бұл істер бір мезгілдің ішінде аттас екі соттың немесе бірнеше соттың қарауына жататын болса, ондай істі тергеу аяқталған ауданның соты қарайды" деген де құқық реттеуді дамыта түседі.
Жоғарғы Соттың Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 3 тармақшасы бланкеттік, яғни соттылықты белгілейтін нақты заңға сілтеме жасау болып табылады деген тұжырымын да негізді деп таныған жөн.
Демек, Қылмыстық істер жүргізу кодексінің қылмыстық істі қылмыс жасалған жердегі сол ауданның сотына жіберу ал қылмыстың жасалған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда қылмыс жасалған жерде істі қозғаған немесе тергеуді аяқтаған сотқа жіберу белгіленген нормасы 77-баптың 3-тармағының 3 тармақшасында белгіленген Конституциялық нормаға қайшы келмейді және айыпталушының келісімінсіз оның соттылығы өзгермейтіндігінің конституциялық құқығын бұзбайды.
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 200-бабының Конституциялық нормаларға сәйкестігі туралы мәселені шеше отырып, Конституциялық Кеңес сонымен бірге В.В. Тишкиннің нақты ісі бойынша іс жүргізу заңының аталған нормасының дұрыс қолданылғандығын қарамады, себебі ол оның құзырына жатпайды.
Айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы етті:
1. Қазақ КСР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 200-бабы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың барлық аумағында жалпы міндетті болып табылады, ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз