Қазақстан Республикасы Парламенті өзгерістер мен толықтырулар енгізген Конституция нормалары бөлігіне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91 бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы

Жаңартылған

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1998 жылғы 4 желтоқсан N 13/2.

      Ескерту. Нормативтік қаулығы өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким және Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов, В.Д.Шопин қатысқан ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы өтінімін қарады. Өтінім бойынша материалдарды зерделей келіп, баяндамашы Кеңес мүшесі В.В.Мамоновтың хабарламасын тыңдап Қазақстан Республикасы Конституциясының Кеңесі мынаны анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 1998 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормалары бөлігіне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы өтінімі келіп түсті. Өтінімде 1998 жылғы 7 қазанда қабылданған "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылған.

      Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабы 1) тармақшасын талдағанда Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.

      Конституция 53-бабы 1) тармақшасында Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығарушы орган ретінде басты функциясын орындауына байланысты оның аса маңызды өкілеттерінің бірі белгіленген. Көрсетілген норма мен Парламент Палаталардың бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді" деп белгіленген. Конституцияның келтірілген нормасының мағынасы Парламент Негізгі Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқықты екенін білдіреді. Конституцияның 3-бабына сәйкес Парламент заң шығарушы орган ретінде өзінің конституциялық өкілеттіктерді шегінде өз фракцияларын жүзеге асыруға міндетті. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Парламент құзыреті Конституция 91-бабының 2-тармағымен шектеліп. Демек, Қазақстан Республикасы Парламенті, Конституция 91-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелерді қоспаған ретте, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқықты.

      Конституция 91-бабының 1-тармағы қолданылып жүрген Конституцияға өзгеріс енгізу тәртібін регламенттейді, Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы мәселе қоюға құқық беретін конституциялық бастама субъектілерінің аясын анықтайды.

      Конституция 91-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады".

      Келтірілген норманың мағынасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қою құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне берілгенін білдіреді. Оны заң жобасын республикалық референдумға не Парламенттің қарауына шығару арқылы Республика Президенті жүзеге асыра алады.

      Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламент шешімі Конституцияның 53-57, 62 және 91-баптарында белгіленген талаптарды сақтай отырып қабылданады.

      Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаны республикалық референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамай тастаған жағдайда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік дауысымен заңды қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті осы заңға қол қоюды немесе оны республикалық референдумға шығаруы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы Заңының Z980284_ Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі туралы мәселені Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының 78-бабында белгіленген тәртіппен қарауы мүмкін.

      Баяндағанның негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 1) тармақшасын Парламент, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша, Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген мәселелерден басқа барлық мәселе бойынша, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хақылы деп түсіну қажет.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағын Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдум немесе Конституцияның өзі және заңдарда белгіленген талаптарға сәйкес Парламент енгізуі мүмкін деп түсіну қажет.

      3. Қаулы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес, қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделгеннен басқа реттерде шағымдануға

      жатпайды.

      Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Кеңесінің

      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады