"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 218 Заңына түсініктемесі

      Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Заңға қол қойды.
      Қабылданған заңдық акт ақшаны жария ету кезеңінің 20-дан 30 күнтізбе күнге дейін ұзартылуын қарастырады. Сөйтіп, ақшаны жария ету 13 шілде күні де жүргізіледі.
      Бұл шараны ұзарту туралы шешім азаматтардың көптеген өтініштері бойынша қабылданды.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады