Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 547 Жарлығына түсініктемесі

      Елбасы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойылды. Жарлық республика соттары судьяларының жалақысын көбейтуді көздейді.
      Мемлекет басшысының биліктің сот тармағының дамуы мен уәзипалық етуі мәселелеріне айрықша ықылас қойып отырғанын атап айту керек. Қазақстан Республикасы Президентінің біршама қысқа уақыт аралығында Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар Жарлықтарға қол қоюы - мұның айқын айғағы.
      Осы аталған Жарлықтың негізгі мақсаты - ең алдымен жергілікті соттардың барлық судьяларының жалақысын едәуір көтеру. Айталық, судьяның жалақысы бұрынғы еңбекақысымен салыстырғанда, шамамен үш есе өсіп отыр.
      Жалақыны белгілеу тәртібі де өзгертілді, ендігі жерде ол Үкімет белгіленген негізгі коэффициентке сәйкес есептеледі, яғни судьяның атқаратын лауазымы мен қызмет өтілі ескеріледі.
      Сонымен қатар Жарлықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы заңнаманы біріздендіру көзделген. Осы мақсатта судьяларға біліктілік сыныптары үшін қосымша ақы төлеу жайындағы ереже алып тасталады.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады