Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына түсініктемесі

      2003 жылғы 7 мамырда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.
      Бұл Жарлықтың негізгі мақсаты - қолдану саласын негізге ала отырып, Құрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері деп жіктелетін үш түрлік құрылымға көшу жолымен Қарулы Күштерді реформалау. Ұтқыр күштерді қолдану тиімділігін арттыру үшін олардың негізінде әскердің жаңа тегі - Аэроұтқыр әскерлер жасақталды. Стратегиялық басқарудың жаңа органы - Штаб бастықтарының комитеті құрылады.
      Елдің түрлі өңірлерінде әскери құралымдардың жауынгерлік қабілеттілігін арттыру үшін әскери округтер "Астана", "Шығыс", "Батыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары болып қайта құрылды.
      Әскери құрылыс саласындағы әлемдік тәжірибені ескере отырып, әскерлерді басқаруды сапалық жақсарту, оларды пайдалануды үйлестіру осы өзгерістердің нәтижесі болуы тиіс.

      Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады