"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы

      2010 жылғы 4 наурызда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа (бұдан әрі — Жарлық) қол қойды.
      Жарлықпен "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына оның кейбір нормаларын нақтылайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізілген,
      Мәселен, онда тұжырымдама мен доктринаның анықтамалары берілген, оларды іске асырудың параметрлері нақтыланып, тетіктері айқындалған.
      Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітудің жаңа мерзімділігі белгіленді.
      Сондай-ақ Жарлықпен Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелері (бұдан әрі — Ережелер) бекітілді.
      Ережелердің негізгі мақсаты — мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг жүргізуге, бағалауға және іске асырылуын бақылауға деген бірыңғай қағидаттар мен көзқарас тұтастығын бекіту.
      Ережелерде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың түсінігі, ұйымдастыру-әдістемелік негіздері, жалпы қағидаттары мен қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ іске асыру тетіктері айқындалған. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мониторингінің, бағалау мен бақылаудың мұндай құралдарының және тұтастық жүйесінің болмауы бюджет қаражатының ыдырауы мен оларды іске асыру тиімділігінің әлсіздігіне әкеп соқты.
      Тұтастай алғанда Жарлық:
      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, іске асыру және бақылаудың бүкіл үрдісін регламенттеуге;
      мемлекеттік жоспарлау үрдісінің әрбір кезеңін нақты регламенттеу негізінде үйлесімді мемлекеттік жоспарлау жүйесін құруға;
      мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының үздіксіздігін, сабақтастықтығын және дәйектілігін, сондай-ақ олардың дамыту мақсаттары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері бойынша өзара теңгерімділігін орнықтыруға; олардың нәтижелері бойынша осы құжаттарды түзету жолымен жетілдіру көзделетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг, бағалау және бақылау жүргізуге бағытталған.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
      Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады