2010 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы" № 1000 Жарлыққа қол қойды.
Аталған Жарлық Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімнен (бұдан әрі — Келісім) шығу мақсатында әзірленді. Келісімге 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі — ТМД) он қатысушы мемлекеті қол қойды және Келісімнің тараптары болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекетішілік рәсімдер аяқталмауы себепті осы уақытқа дейін күшіне енгізілген жоқ. Ресей Федерациясы ТМД-ның Атқарушы комитетін Келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етті, Украина да мемлекетішілік рәсімдерді орындауды қоя тұру ниеті туралы хабардар етті.
Қазіргі уақытта олардың аясында осы Келісім әзірленген ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарының өзгеруі себепті (рубль аумағынан шығу, бағалы қағаздар нарығы дамуының әр түрлі деңгейі) Келісім өзінің өзектілігін жоғалтты.
Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
Әлеуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімі