Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасына ТҮСІНІКТЕМЕ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің Түсініктемесі

Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасына
ТҮСІНІКТЕМЕ

      Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің бірі болып белгіленген болжамдалатын судың тым тапшылығы және сол үшін біздің мемлекеттің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажеттігі туындады. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақ мерзімді бағдарлама жасау тапсырды.

      2014 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің № 786 Жарлығымен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

      Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Мемлекеттік бағдарламаның:

      су үнемдеу және қолда бар су ресурстарының көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы халықты, қоршаған ортаны және экономика салаларын су ресурстарымен кепілді қамтамасыз ету;

      су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру;

      судың экологиялық жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.

      Бағдарлама экожүйені сақтау үшін су ресурстары тапшылығын болдырмау, халықты, экономиканың жоспарланған өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселесін шешуге бағытталған.

      Су шаруашылығы инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді сумен қамту және су бұру жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқару бойынша шаралар есебінен 2020 жылға қарай су ресурстарының күтілетін тапшылығын қысқарту жөніндегі шаралар көзделген.

      Ұсынылған шаралар бірінші кезеңде 2020 жылға қарай су тұтынуды ІЖӨ бірлігіне алғанда нақты мәнде 2012 жылдың деңгейінде алғанда 33 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді және бұл Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басты индикаторы болып табылады.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің

Ә
леуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады