"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 жəне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 840 Жарлығына
ТҮСІНДІРМЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Жарлық нәтижеге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (МЖЖ) жетілдіру тұжырымдамасының негізгі тәсілдерін іске асыру үшін әзірленген.
Aтап айтқанда, Жарлықта құжаттардың жаңа бағыныстылық сатысын үш деңгейге бөле отырып құру көзделген.
Бірінші деңгейдегі құжаттарға түйінді басымдықтары мен бағдарлары бар, ел дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын құжаттар - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жатады.
Екінші деңгейдегі құжаттарға аядағы/саладағы даму стратегиясын айқындайтын құжаттар - 5 жылға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар, салалық бағдарламалар жатады.
Үшінші деңгейдегі құжаттарға қайта құрылымдау негізінде бірінші және екінші деңгейдегі құжаттарға қол жеткізу жолдарын айқындайтын құжаттар - мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары, 5 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламалары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары жатады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері осы бағыныстылық сатысына сүйене отырып айқындалуы тиіс.
Бұл ретте, МЖЖ құжаттар тізбесінен республикалық және жергілікті бюджет, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары алып тасталған.
Сонымен қатар, өзгерістер енгізу ҚР Орталық комиссиясының облыстық, Aстана мен Aлматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді тоқтатуды көздейді.
Бағдарламалық құжаттардың негізсіз өсуін тежеу мақсатында салалық бағдарламалардың әзірленуі ҚР Үкіметі бекітетін Тізбеге қатаң сәйкестілікке жүзеге асырылу туралы норма енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
Стратегиялық әзірлемелер
және талдау орталығы