"Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің Түсіндірмесі

"Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығына
ТҮСІНДІРМЕ

      Жарлық 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 33-қадамын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметке қосудың ұлттық жүйесін құру, оны тиімді іске асыру үшін қайталап қылмыс жасау деңгейін азайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.
      Кешенді стратегияның негізгі міндеттері болып:
      1) әлеуметке қосудың ұйымдастырушылық негіздерін және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметке қосу процесін жақсарту үшін жағдайлар жасау;
      3) әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін құру арқылы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу тетігін жетілдіру;
      4) кадр әлеуетін және әлеуметке қосу процесінің ғылыми негіздерін дамыту болып табылады.
      Кешенді стратегия ережелерін іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Іс-шаралар жоспарымен қамтамасыз етіледі.
      Жоспарды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қол жеткізілген нәтижелер туралы қоғамдық пікірді мониторингтеу нәтижелерін есепке алумен, олардың іс-шараларды орындау барысы туралы ашық есептілікпен қамтамасыз етіледі.
      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің

Құқық қорғау жүйесі бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады