"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының Түсіндірмесі

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығына
ТҮСІНДІРМЕ

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілді.

      Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық маңызды салаларына қатысты Жалпыұлттық жоспар Жолдаудың негізгі он бағыты бойынша 97 іс-шараны іске асыруды көздеп отыр.

      Тапсырмаларды іске асыру заң шығару жұмысының айтарлықтай көлемін, оның ішінде білім беру, денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпкерлікті ынталандыру, табиғи монополияларды реттеу, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және т.б. жұмысты жүргізуді талап етеді.

      Жалпыұлттық жоспарды іске асыруды қаржыландыру тиісті кезеңге арналған мемлекеттік бюджетте қарастырылған қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа қаражат көздері шегінде жүзеге асырылатын болады.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің

Стратегиялық әзірлемелер

және талдау орталығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады