Тәжікстан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 4 қазан N 452

      Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасымен дипломатиялық қатынасын нығайту мақсатында қаулы етемін:
      1. Душанбе қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісінің

 

шетел валютасымен есептелінетін лауазымдық жалақысы Қазақстан

Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісінің лауазымдық

жалақысына теңелген мөлшерде белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасындағы

Қазақстан Республикасы Елшілігінің штат кестесі мен шығыстарының сметасын

анықтасын.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті



     Мамандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады