Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 17 қазан N 705

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі".

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады