Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия туралы" 2001 жылғы 24 қазандағы N 713
Жарлығына
мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия туралы";
кiрiспедегі "Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру" деген сөздер "Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы "Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар" деген сөздер "Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия 2002 жылғы 1 сәуiрге дейiн мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.";
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия туралы ереженiң:
тақырыбындағы және 1-тармағындағы:
"Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар" деген сөздер "Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру" деген сөздер "мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2002 жылғы 9 ақпандағы
N 804 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 24 қазандағы
N 713 Жарлығына
ҚОСЫМША
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi
ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, төраға
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң
Орынбасары, төрағаның
орынбасары
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң
Орынбасары - Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрi, төрағаның
орынбасары
Комиссияның мүшелерi:
Ахметов - Ақмола облысының Целиноград
Болат Темiрғалиұлы ауданы Оразақ ауылдық
округінiң әкiмi
Ахметов - Павлодар облысының әкiмi
Даниал Кенжетайұлы
Бейсембетов - Қазақстан Республикасы
Ескендiр Қалыбекұлы Стратегиялық жоспарлау
жөнiндегi агенттiгінiң
төрағасы
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
Ермұханов - Ақтөбе облысы Хромтау
Әдiлша Мағрұпұлы ауданының әкiмi
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Экономика және сауда министрi
Есiмханов - Қазақстан Республикасының
Сағындық Өлмесекұлы Парламентi Сенатының депутаты
Жүзенов - Оңтүстiк Қазақстан облысы
Бегімше Бексұлтанұлы Кентау қаласының әкiмi
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттiк кiрiс министрi
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Жанпейiсқызы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрi
Ким - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович Әділет министрi
Қосжанов - Қазақстан Республикасы
Төрехан Бекболұлы Президентi Әкiмшілігінiң
Әлеуметтiк-экономикалық
талдау бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары
Қосмамбетов - Қазақстан Республикасының
Төлебек Қосмамбетұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң
депутаты
Котенко - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Экономика бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Котлов - Қазақстан Республикасы
Андрей Николаевич Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары
Көшербаев - Батыс Қазақстан облысының
Қырымбек Елеуұлы әкiмi
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының
Абылай Исабекұлы Көлiк және коммуникациялар
министрi
Омарбаев - Алматы облысы Талғар
Кенжебек Омарбайұлы ауданының әкiмi
Омаров - Шығыс Қазақстан облысы
Нұрлан Срайылұлы әкiмiнiң орынбасары
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы
Зауытбек Қауысбекұлы Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегі агенттігiнiң
төрағасы
Өтембаев - Қазақстан Республикасы
Ержан Әбiлхайырұлы Президентiнiң Әкiмшілiгі
Басшысының орынбасары
Шүкеев - Қостанай облысының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы