Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 808 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .

        Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_ 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы"  Z914800_ Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039   U963039_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев тағайындалсын; 
      Комиссия құрамына төрағаның орынбасары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Николай Васильевич Белоруков енгізілсін;
      аталған құрамнан Ә.М.Байменов және И.А.Ушуров шығарылсын. 

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады