Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен .
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында саяси баспана беруге байланысты мәселелердi алдын ала қарау және ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi жанынан
консультативтiк-кеңесшi орган - Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Комиссия төрағасы
Әбдiкәрiмов Оралбай - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк хатшысы, төраға,
Комиссия төрағасының орынбасары
Әбiлхатаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Марат Кәрiмұлы Әкiмшілiгiнiң Құқық қорғау мен сот
жүйелері мәселелері бөлiмiнiң
меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Шер - Қазақстан Республикасы Білiм және
Раиса Петровна ғылым министрлігінiң басқарма
бастығы
Избанов Мұхит - Қазақстан Республикасының
Кәрімұлы Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігі төрағасының орынбасары
Жолшыбеков - Қазақстан Республикасы Парламентi
Әмзебек Рысбекұлы Мәжілiсiнiң депутаты
(келiсiм бойынша)
Серік Байсейітұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Ақылбай Сенатының депутаты (келісім
бойынша)
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.02.07. N
3349
, 2000.02.11. N
336
, 2001.11.07. N
719
,
2002.02.19. N
808
, 2003.04.04. N
1064
, 2004.12.15. N
1504
, 2006.03.28.
N 76
Жарлықтарымен.
3. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамына, сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ал олар орнында болмаған жағдайда осы республикалық органдар басшыларының орынбасарлары кiредi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006.03.28.
N 76
Жарлығымен.
4. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмыс органы Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн азаматтық және саяси баспана беру мәселелерi жөнiндегi қажеттi материалдарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілігінiң Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі болып табылады деп белгiленсiн.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.02.07. N
3349
, 2004.12.15. N
1504
, 2006.03.28.
N 76
Жарлықтарымен.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 2425 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.