Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсiздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградаларының кейбiр мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы N 882 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 155 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.09.30 N 155  Жарлығымен.

      Қосымша ведомстволық наградаларды белгілеу және Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарына өзгерiстер енгізу мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" омырауға тағатын белгісiнiң ;
      2) "Құрметті шекарашы" омырауға тағатын белгісiнiң ;
      3) "Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн" естелiк медалiнiң ;
      4) "Шекараны үздiк күзеткенi үшiн" естелiк медалiнiң ;
      5) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi" естелiк медалiнiң ;
      6) "ҰҚК-КНБ-Қазақстан" үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгісiнiң бейнелерi мен сипаттамалары бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының рәмiздерi мен ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 22, 191-бап) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы 3) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының
ведомстволық наградалары болып:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" омырауға тағатын белгiсi;
      2) "Құрметтi шекарашы" омырауға тағатын белгiсi;
      3) "Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі үлесi үшiн"
естелiк медалi;
      4) "Шекараны үздiк күзеткенi үшiн" естелiк медалi;
      5) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi" естелiк медалi;
      6) "ҰҚК-КНБ-Қазақстан" үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгiсi;
      7) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" естелiк медалi белгiленсiн.";
      3-тармақтағы 3)-6) тармақшалар алынып тасталсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 27 мамырдағы N 882  
Жарлығымен бекiтiлген       

Омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" белгiсiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      Омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" белгiсi (одан әрi - белгi) енi 2,5 мм шығыңқы қырлы ернеумен жиектелген көлемдi, көтерiңкi, сұр түстi қалқан нысанды. Қалқанның iшiнде диаметрi 18 мм көк түстi эмальмен боялған көлемдi қондырмалы шеңбер орналасқан. Шеңбердiң шеті енi 8 мм алтын түстес жолақпен жиектелген. Шеңбердiң iшiнде диаметрi 14 мм айшықты шаңырақ суреті салынған. Шаңырақ жолақтарының аралығы 1 мм. Шеңбер мен шаңырақ арасында көлемдiкте орындалған 6 нүкте орналасқан. Олардың диаметрi 0,3 мм. Жолақтар мен нүктелер алтын түстес. Шеңбердiң екi қапталы мен астында алтын түстi жиекпен көмкерiлген көк түстi ленталар орналасқан. Лентаның енi 3 мм. Шеткi ленталардың ұзындығы 21 мм, астыңғы лентаның ұзындығы 20 мм. Шеткi ленталарда "Құрметті қызметкерi" мәтiнi, астыңғы лентада "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - ҰҚК" мәтiнiнiң аббревиатурасы бар. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Әрiптер алтын түстес жазылған. Шаңырақ аясында қондырмалы, көлемдiктегi, алтын түстес металдан жасалған қыран (үйге, халыққа, мемлекетке қызмет өтудi рәмiздейдi) орнатылған. Қыранның басы солға бұрылған. Дөңгелек қалқандағы нүктелер мемлекет мүдделерiнiң барлық тараптан (солтүстiк, батыс, оңтүстiк, шығыс, солтүстiк-батыс және т.б.) қорғалуын бiлдiредi, екi нүктенi қыран тасалап тұрған тәрiздi. Қонақтап отырған қыранның биiктiгi 19 мм, енi 7 мм. Шеңбер мен лента астында, бiлiктi бойлай тiгiнен көне ұлттық қару үлгiсiнде айшықталған алтын түстес найза орналасқан. Оның ұштығының биiктiгі 5 мм, енi 4 мм. Найза ұштығына бекiтiлген белгiнiң көлемi - 12 х 6 мм. Белгiнiң төменгi жағында шеңбер мен лентаның астынан енi 2 мм алтын түстес найзаның сабы 10 мм шығыңқы тұр. Сабының төменгі шетiнде жетi бұрышты, алтын түстес, сәулелерiнде және олардың қиылысқан жерiнде қырлары бар жұлдыз орналасқан. Сәулелердiң ұзындығы 3 мм. Жұлдыз найзаның төменгi жағынан жұлдыздың ортасына дейiн 3 мм қашықтықта орналасқан.
      Белгі күмiс пен алтын түстес металдан жасалады, бұл белгіге көрiктiлiк түр бередi. Белгiнiң сыртқы жағында реттiк нөмiрi және наградталушының киiмiне қадауға арналған тиiстi бекiткiш бар.
      Белгiнiң өлшемдерi: биiктiгi - 45 мм, енi - 30 мм.

Омырауға тағатын
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
құрметті қызметкері" белгісі

      (белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
2002 жылғы 27 мамырдағы N 882 Жарлығымен
бекiтiлген           

Омырауға тағатын "Құрметтi шекарашы" белгiсiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      Омырауға тағатын "Құрметтi шекарашы" белгiсi (одан әрi - белгi) көлемдi, көтерiңкi, енi 1 мм қырлы ернеумен жиектелген алтын түстес қалқан нысанды. Белгiнiң жоғарғы бөлiгi ортадан оңға және солға қарай бiрдей тең 4 жапырақты лавр бұтақтарымен безендiрiлген.
      Қалқанның беткi жағы көк түстi эмальмен қапталған. Қалқанда тiк ось бойынша биiктiгi 40 мм және енi 6 мм көк түстес Қазақстан Республикасының шекара бағанының суретi берiлген. Шекара бағанының жоғарғы жақ бөлiгi алтын түстес. Баған суретiнiң жоғарғы шетi мен көк түске ауысатын сызыққа дейiн 6 мм. Бағанға жасыл түстегi шеңбер мен оған салынған қара-көк түстегi бес бұрышты жұлдыз түрiндегi Шекара қызметiнiң эмблемасы салынған. Шеңбер мен жұлдыз енi 0,5 мм алтын түстес жолақпен жиектелген. Жұлдыздың ортасында диаметрi 3 мм алтын түстес күн бейнеленген. Шеңбердiң диаметрi 12 мм, жұлдыз сәулелерiнiң ұзындығы 6 мм, жұлдыздың жоғарғы сәулесi мен белгiнiң жоғарғы шетiне дейiнгi аралығы 8 мм. Эмблема астында қалықтап ұшқан алтын түстес қыран бейнеленген. Оның қанат ұштарының аралығы 16 мм. Белгінiң астыңғы жағын қара-көк түспен екi жолға жазылған "Құрметтi шекарашы" деген сөзi бар алтын түстес лента жауып тұр. Лентаның енi 5 мм, әрiптердiң биiктiгі 1,6 мм. Лентаның ұштары белгінiң сыртқы жағында бейнелi айқаса отырып, лентаның астынан оң және сол жақтан 2 мм болып бет жағына шығады.
      Белгінің сыртқы бетінде оның реттік нөмірі берілген және наградталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
      Белгінің көлемі: биіктігі - 40 мм, ені - 23 мм.

Омырауға тағатын
"Құрметті шекарашы" белгісі

      (белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы      
Президентiнiң 2002 жылғы 27 мамырдағы
N 882 Жарлығымен бекiтiлген   

"Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз
етудегi үлесi үшін" естелік медалiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      "Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн" естелiк медалi (одан әрi - медаль) 34 мм диаметрлiк алтын түстес металл шеңберден (дискiден) тұрады. Медальдiң диаметрi бойынша биiктiгi 1 мм және енi 1,5 мм шығыңқы ернеуi болады.
      Медальдiң жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 12 мм көлемдiк айшықты шаңырақтың (үйдi, мемлекеттi рәмiздейдi) бейнесi бар. Шаңырақтың астында, оның төменгі бөлiгiн жауып бiр қырынан тұрған айшықты бүркiттiң басы (үйдi, халықты, мемлекетті қорғауды рәмiздейдi) бейнеленген. Бүркiт басының көлемi 19 х 16 мм, көлемдi етiлiп жасалған. Ернеудi бойлай сағат тiлi бойынша "Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі үлесi үшiн" жазуы бар. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Бүркiттiң бас бейнесi астында медальдiң төменгi ернеуiн бойлай "Қазақстан" деген жазулы лента бар. Лентаның енi 4 мм. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемi 55 х 34 мм екi алтын түстес жолақтары бар көгілдiр жiбек матамен қапталған алты бұрышты тағанға бекiтiледi. Жолақтардың енi 3 мм. Жолақтардың аралығы 10 мм, таған шетi мен жолақтардың аралығы 9 мм. Тағанның төменгі бөлiгі құлақшадан оңға және солға қарай бiрдей тең алтын түстес лавр бұтақтарымен көмкерiлген. Бұтақтарда төрт-төрттен лавр жапырағы бар.
      Тағанның сыртқы бетiнде наградталушының киiмiне қадауға арналған тиiстi бекiткiш бар.

"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі үлесі үшін" естелік медалі

      (белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы      
Президентiнiң 2002 жылғы 27 мамырдағы
N 882 Жарлығымен бекiтiлген    

"Шекараны үздiк күзеткенi үшiн" естелiк медалiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      "Шекараны үздiк күзеткенi үшiн" естелiк медалi (одан әрi - медаль) күмiс түстес, көне күмiс реңiмен көмескiленген диаметрi 32 мм металл шеңбер (диск) болып табылады. Медальдiң диаметрi бойынша екi жағында биiктiгі 1 мм және енi 0,5 мм шығыңқы ернеу бар.
      Медальдiң бет жағында айшықты шаңырақ суретi аясында орта осi бойынша тiгінен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар шекара бағанының суретi орналасқан. Қазақстан Республикасы елтаңбасының көлемi 3,2 х 3 мм, шекара бағаны 27 х 5 мм, шаңырақ суретiнiң диаметрi 24 мм. Медаль ернеуi мен шаңырақ арасында он және сол жақтарында бiрдей тең орналасқан екi бұтақтан тұратын лентамен оралған лавр дестесi түрiндегi ою орналасқан. Лентаның енi 2 мм.
      Медальдiң сыртқы бетiнде, оның жоғарғы бөлiгiнде төрт жолға "Шекараны үздiк күзеткенi үшiн" деген жазу жазылған. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Жазу астында қалықтап ұшқан қыран бейнесi орналасқан. Оның қанаттарының аралығы 24 мм.
      Барлық кескiндер мен жазулар шығыңқы.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жоғары жағы жiбек қатқыл лентасымен қапталған бесбұрышты тағанға бекiтiледi. Тағанның көлемi 28 х 18 мм, лентаның енi 24 мм. Тағанның төменгi бөлiгi ұлттық ою-өрнекпен безендiрiлген. Лентаның оң және сол жақ қапталын бойлай тiгiнен ұзына бойына көгiлдiр жиек, содан кейiн кезектесiп жасыл, сары, жасыл, сары, ортасында - аспанкөк жолақтар орналасқан. Көгілдір жиектің, жасыл және сары жолақтардың ені 1,5 мм, аспанкөк жолақтың ені 9 мм.
      Тағанның сыртқы жағында наградталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.

"Шекараны үздік күзеткені үшін"
естелік медалі

      (белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы       
Президентiнiң 2002 жылғы 27 мамырдағы
N 882 Жарлығымен бекiтiлген     

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсіздiк
комитетiнің ардагерi" естелiк медалiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi" естелiк медалi (одан әрi - медаль) ұлттық қауiпсiздiк органдары эмблемасының көлемдi бейнесi - диаметрi 12 мм дөңгелек қалқан бейнеленген диаметрi 34 мм металл шеңбер (диск) болып табылады. Қалқанда көлемдi келтiрiлген шаңырақ (үйдi, мемлекеттi рәмiздейдi) бейнеленген. Шаңырақтағы сызықтардың енi 0,6 мм, аралығы 0,6 мм, ұзындығы 9 мм, сызықтар арасындағы аралық 0,6 мм. Шаңырақтағы нүктелердiң диаметрi 0,6 мм.
      Қалқанның астыңғы жағын ала енi 2,6 мм және ұзындығы 30 мм лента орналасқан. Лентада "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу жазылған. Әрiптердiң биiктiгi 1,7 мм.
      Лентаның бүгiлетiн жерлерiнiң үстiнде бiрдей тең түрде мемлекеттiң гүлденуiн бейнелейтiн қызғалдақ жапырағы мен қауыз жарған гүл түрiндегі ою орналасқан.
      Қалқанның астында ортада тiгінен найза орналасқан, сабының жуандығы 0,6 мм, найза ұшының биiктігі 6 мм. Найзаның ұшындағы тұмардың көлемi 3,5 х 7 мм.
      Медальдің диаметрi бойынша биiктiгi 1 мм және енi 1,5 мм болатын шығыңқы ернеу бар. Ернеудi бойлай сағат тiлi бойынша "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi" деген мәтiн жазылған. Әрiптердiң биiктігi 1,2 мм. Мәтiн көлемдiкте орындалған. ҰҚК эмблемасының астында көлемдi лавр бұтағы (борыш, даңқ, айбынды рәмiздейдi) орналасқан. Оның көлемi 23 х 5 мм.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көк түстi екi жолағы бар сұр түстi жiбек матамен қапталған алтыбұрышты тағанға бекітiледi. Тағанның биiктiгi 55 мм, енi 34 мм. Жолақтардың енi 3 мм, жолақтардың аралығы 10 мм, таған шетi мен жолақтар аралығы 9 мм.
      Тағанның сыртқы жағында наградталушының киiмiне қадауға арналған тиiстi бекiткiш бар.

"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері"
естелік медалі

      (белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы           
Президентiнiң 2002 жылғы 27 мамырдағы  
N 882 Жарлығымен бекiтiлген       

Омырауға тағатын үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi
"ҰҚК-КНБ-Қазақстан" арнаулы белгiсiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      Омырауға тағатын "ҰҚК-КНБ-Қазақстан" арнаулы белгiсi (одан әрi - белгi) - көлемдi шығыңқы ернеумен жиектелген, көтерiңкi қырланған ұштары бар сегiз бұрышты жұлдыз (1-дәрежелi - алтын түстi, 2-дәрежелi - күмiс түстi, 3-дәрежелi - қола түстi) болып табылады. Жұлдыздың ұштарынан алғанда диаметрi 35 мм, қырларының енi 1 мм. Жұлдыздың жалпы аясы көк түстi эмальмен қапталған. Жұлдыздың ортасында диаметрi 22 мм дөңгелек қалқан бейнеленген, оның түсi көлемдi шығыңқы ернеудiң түсiмен сәйкес келедi.
      Қалқан қондырмалы, көлемдi нысанды, орта тұсында көк түстi эмаль бүркiлген және аралығында: "ҰҚК" (Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), "КНБ" (Комитет национальной безопасности) түрiнде қысқартылған жазу мен "Қазақстан" деген сөз орналасқан көлемдiк көтерiңкi екi ернеумен көмкерiлген. Әрiптердiң биiктiгi 1,5 мм, ернеулердiң аралығы 3 мм. Мәтiндер әрбiр жазудың дербестiгiн бiлдiретiн көлемдiк көтерiңкi нүктелермен бөлiнген. Әрiптер мен нүктелердiң түсi белгiнiң дәрежесiне байланысты.
      Қалқанның орталық бөлiгiнде қырағы көз тастап отырған қыранның (мемлекет мүддесi сақшысының рәмiзi) көлемдiк қондырмалы бейнесi орналасқан. Қыранның басы сол жаққа бұрылған. Қыранның бейнесi: 1-дәрежеде - алтын түспен, 2-дәрежеде - күмiс түспен, 3-дәрежеде - қола түспен жасалады. Қыран бейнесiнiң көлемi 18 х 6 мм.
      Белгi көлемi 26 х 16 мм құлақша мен шығыршық арқылы тiкбұрышты тағанға бекiтiледi. Тағанның ортасында көлемi 22 х 10 мм көк түстi эмальмен қапталған тiкбұрыш бар. Оның үстінде диаметрi 8 мм ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы орналасқан. Таған мен эмблеманың түсi белгінiң дәрежесiне байланысты.
      Белгi мен таған жез тәрiздi немесе мыс-никель қоспасынан жасалады. Мәтiн астының аясы көмескiленген. Белгiнiң сыртқы жағында наградталушының киiмiне қадауға арналған тиiстi бекiткiш бар.

Омырауға тағатын
"ҰҚК-КНБ-Қазақстан"
арнаулы белгісі

      (белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады