"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік активтер бойынша құралған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына кемітілген 2002 жылғы таза кірісі:
1) резервтік капиталды толықтыруға - 3 934 794,0 мың теңге;
2) республикалық бюджет кірісіне - 5 631 661,0 мың теңге жіберілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті