Румынияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 1101 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі салалардағы қазақстан-румын ынтымақтастығын нығайту әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Бухарест қаласында (Румыния) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Румыниядағы Қазақстан Республикасының кеңесші-уәкіліне айына 2375 (екі мың үш жүз жетпіс бес) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады