Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 тамыздағы N 1159 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмабеков             - Қазақстан Республикасының Әділет
Оңалсын Исламұлы        министрі, төрағаның орынбасары,

Комиссия мүшелері:

Ахметов               - Ақмола облысы Целиноград ауданы
Ғабдол Есенбекұлы       Романов селолық округінің әкімі,

Ахметова              - Қазақстан Республикасы Президенті
Инна Маликовна          Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің
                        сектор меңгерушісі,

Әзірханов             - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының
Басшы Айнажақанұлы      әкімі,

Байзатов              - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Әбілсейітұлы     Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау
                        бөлімі меңгерушісінің орынбасары,

Бексұлтанов           - Қарағанды қалалық мәслихатының
Құдайберген             хатшысы (келісім бойынша),
Бексұлтанұлы

Божанова              - Қызылорда облыстық мәслихатының
Алмагүл Божанқызы       хатшысы (келісім бойынша),

Веснин                - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Виктор Николаевич       Мәжілісі депутаты (келісім бойынша),

Жұмжаев               - Оңтүстік Қазақстан облысы
Ғалым Құралбекұлы       Шымкент қаласының әкімі,

Қарашолақов           - Жамбыл облысы Меркі ауданының
Бағлан Жиенәліұлы       әкімі,

Мигаль                - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау
Анатолий Игнатьевич     ауданы Арықбалық селолық округінің
                        әкімі,

Мырзахметов           - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асқар Исабекұлы         шаруашылығы бірінші вице-министрі,

Өтебаев               - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Мүсірәлі Смайылұлы      Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
                        комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Чиркалин              - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Иван Федорович          Мәжілісі Экономикалық реформа және
                        аймақтық даму жөніндегі комитетінің
                        төрағасы (келісім бойынша),

Шапауова              - Атырау облысы Махамбет ауданы
Талшын Ғинаятқызы       Сартоғай селолық округінің әкімі,

Шөкеев                - Қостанай облысының әкімі,
Өмірзақ Естайұлы

"Мұхамеджанов         - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бауыржан Әлімұлы        Министрінің орынбасары, төрағаның
                        орынбасары",

"Келімбетов           - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы         және бюджеттік жоспарлау министрі"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұхамеджанов         - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                        төраға",

"Келімбетов           - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы         және бюджеттік жоспарлау министрі,
                        төрағаның орынбасары";

      аталған Комиссияның құрамынан: И.Н.Тасмағамбетов, А.С.Павлов, Б.Т.Ахметов, Ж.А.Досқалиев, Ә.М.Ермұханов, М.Т.Есенбаев, Б.Б.Жүзенов, З.Х.Кәкімжанов, Г.В.Ким, Г.Ж.Қарағұсова, Т.Қ.Қосмамбетов, Қ.Ы.Нағманов, Е.Ә.Өтембаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады