Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, түрлі салаларда қазақстан-сингапур ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы кеңесші-уәкіліне айына 3500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, 2003 жылғы 11 тамыз
N 1162