Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бiрлескен қауіпсiздігiн қамтамасыз ету мүддесінде әскерлердi (күштерді) қолдануды бiрлесiп жоспарлау туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 1183 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бiрлескен қауiпсiздiгін қамтамасыз ету мүддесiнде әскерлердi (күштердi) қолдануды бiрлесiп жоспарлау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бiрлескен қауiпсiздiгін қамтамасыз ету мүддесiнде әскерлердi (күштердi) қолдануды бiрлесiп жоспарлау туралы келiсiмге қол қоюға уәкілеттік берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2003 жылғы 10 қыркүйектегi
N 1183 Жарлығына     
қосымша          
 
  Жоба 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бiрлескен қауiпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлердi (күштердi) қолдануды бірлесіп жоспарлау туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шарттың, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      ортақ әскери-стратегиялық кеңiстiк шеңберiндегi бiрлескен қорғанысты қамтамасыз ету мәселелерiнде күштердi бiрiктiру мен келiсiлген iс-қимылдардың қажеттiгiн мойындай отырып, тараптар
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер мынаны білдiредi:
      "әскерлердің (күштердiң) коалициялық топтары" - бiрiккен қолбасшылық аясында коалициялық негiзде құрылатын және оларды жедел (жедел-стратегиялық) қолдану ниетiне сәйкес өрiстетiлетiн (орналастырылатын) Тараптардың ұлттық қарулы күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамынан бөлiнген жауынгерлiк әзiр әскерлер (күштер) мен құралдар контингентi;
      "бірiккен қолбасшылық" - әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарын әскери басқарудың жоғары органы;
      "Тараптардың әскерлерiн (күштерiн) басқару органдары" - Тараптар әскерлерiне (күштерiне) басшылық жасау мен басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған қолбасшылық, штабтар, басқармалар, бөлiмдер және басқа да уақытша құрылған органдар;
      "қатерлi кезең" - өңiрдегi әскери-саяси жағдайдың және Тараптардың бiрiне қарсы қандай да бiр мемлекет немесе мемлекеттер тобы тарапынан басқыншылық қатердiң бiрте-бiрте немесе күрт шиеленiсу кезеңi;
      "Тараптар аумағын жедел жабдықтау" - әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарын қайта топтастыруды (маневр), шоғырландыру мен жауынгерлiк қолдануды, сондай-ақ тұрғындар мен маңызды объектiлердi зымыранды-ядролық және атыс зақымдауынан қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау мақсатында Тараптар аумағында өткiзiлетiн iс-шаралар жүйесi.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптардың уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi.

3-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары әскери-саяси жағдайды бiрлесiп талдайды әрi олардың жалпы мәнi негiзiнде әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының құрамын айқындайды және әрбiр Тараптың заңнамасына сәйкес оның қолданылуын жоспарлайды.
      Бiрлескен қолбасшылық құру жөнiндегi құжаттардың жобасын дайындау Тараптардың уәкілеттi органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

4-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары әскерлердi (күштердi) қолдануды бiрлесiп жоспарлау жөнiндегi құжаттар тiзбесiн, осы құжаттарды бейбiт уақытта және қатерлi кезеңде күшiне енгiзу кезектiлiгi мен мерзiмiн, сондай-ақ оларды әзiрлеу тәртiбiн келiседi.
      Әзiрленген құжаттарды өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi қарайды және бекiтедi.

5-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары бiрлесiп:
      өзара iс-қимылды, байланысты және әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының құрамына енгiзу үшiн бөлiнген әскерлердi бейбiт уақытта және қатерлi кезеңде жасырын басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаттарын әзiрлейдi;
      бiрлескен iс-қимылдарына арналған Тараптардың қарулы күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн қолдаудың жалпы қағидаттарын әзiрлейдi;
      Тараптардың қарулы күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бейбiт уақыттан соғыс уақытына ауысу тәртiбiн әзiрлейдi;
      әскерлердi (күштердi) бiрлесiп қолдануды жетiлдiру жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргізеді.

6-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдары бiрлескен қорғаныс мiндеттерiн шешу мақсатында Тараптар әскерлерiнiң (күштерiнiң), барлауды және қаруды автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң, басқару органдары есептеу орталықтарының ақпараттық сыйымдылығын қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ операциялар (жауынгерлiк iс-қимылдар) мен жедел тактикалық мiндеттердiң математикалық үлгiлерiн әзiрлеудi қамтамасыз ету жөнiнде келiсiлген жұмыстар жүргізедi.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының бiрлескен қолбасшылық органдарын даярлауда және олардың басқару пункттерiн жарақтандыруда бiр-бiрiне көмек көрсетедi.

7-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдарының бiрлескен қорғаныс мiндеттерiн шешу мақсатында әскерлердi (күштердi) жедел даярлау жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды жоспарлау мен өткiзу олардың арасындағы жеке келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

8-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының құрамына енгізу үшiн бөлу болжанып отырған әскерлердi басқару жөнiндегі жоспарларды бiрлесiп әзiрлейдi, сондай-ақ жедел мәселелер және көрсетiлген әскерлердiң (күштердiң) жауынгерлiк iс-қимылдарын қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша әдiстемелiк құжаттармен өзара алмасуды жүзеге асырады.

9-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдары Тараптар аумағын жедел жабдықтау жөнiндегi келiсiлген iс-шараларды жоспарлайды және жүргізедi, әскери инфрақұрылымның объектiлерiн пайдалану және дамыту, сондай-ақ бiрлескен қорғаныс мүддесiнде әрекет ететiн әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтары үшiн материалдық құралдар қорын жинақтау тәртiбiн айқындайды.

10-бап

      Құпия ақпаратты және әрбiр Тараптың заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияға жататын мәлiметтердi құрайтын ақпаратты өзара алмасу, сондай-ақ осы ақпаратты қорғау тәртiбi жеке келiсiммен айқындалады.
      Бiр Тарап екіншi Тараптан алған ақпарат, техникалық құралдар, жабдықтар мен материалдар тек осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн пайдаланылады және олар алынған Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз қандай да бiр мемлекетке берiлмейдi.

11-бап

      Әскерлердi (күштердi) бiрлесiп қолданудың жоспарын әзiрлеу кезiнде Тараптардың уәкiлеттi органдары жедел қамтамасыз етуден басқа, тылдық, техникалық, қаржылық және басқа да қамтамасыз ету түрлерiн әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының құрамына бөлiнген өз әскерлерiнің (күштерiнiң) мүддесiнде әрбiр Тараптың құзыреттi органдары жүзеге асыратындығына сүйенеді.
      Тараптардың уәкілеттi органдары өткiзетiн бiрлескен iс-шараларды қаржыландыру жеке Келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

12-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешетiн болады.

13-бап

      Осы Келiсiм қандай да бiр мемлекетке қарсы бағытталмаған және Тараптар олар қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.

14-бап

      Осы Келiсiм аталған Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажетті мемлекет iшiндегi рәсiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрi тиiстi кезеңнiң аяқталуына дейiн кемiнде алты ай бұрын оның күшiн тоқтату жөнiндегi өзiнiң ниетi туралы басқа Тарапты жазбаша түрде хабарландырмаса, автоматты түрде келесi бес жылдық, кезеңге ұзартылады.

      _____________ қаласында 200__ жылғы ______ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң де бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылатын болады.

      Қазақстан Республикасы үшiн       Ресей Федерациясы үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады