Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 2935 және 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 15 қазандағы N 1207 жарлығы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiнде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат):
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      8-тармақтағы "Аумақтық-ұйымдастыру" деген сөз "Ұйымдастыру-бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия мүшелерінің тізімі осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Астана, 2003 жылғы 15 қазан
      N 1207

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 15 қазандағы
N 1207 Жарлығына   
Қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2002 жылғы 29 наурыздағы
N 829 Жарлығымен   
Бекітілген      

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның
Құрамы

      Тасмағамбетов         - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
      Иманғали Нұрғалиұлы     хатшысы, Комиссия төрағасы

      Тұрлыбаева Күлипа     - Қазақстан Республикасы Президентiнің
      Оразбайқызы             Әкiмшiлiгi Ұйымдастыру-бақылау
                              бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi,
                              Комиссия хатшысы

Комиссия мүшелерi

      Әбiлқатаев Марат      - Қазақстан Республикасы Президентiнің
      Кәрiмұлы                Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк-құқық бөлiмi
                              меңгерушiсiнiң орынбасары

      Гамарник Геннадий     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
      Николаевич              және ғылым бiрiншi вице-министрi

      Никитинская Екатерина - Қазақстан Республикасы Жұмыс берушiлер
      Сергеевна               конфедерациясының атқарушы директоры
                              (келiсiм бойынша)

      Ноғаев Сұлтан         - Қазақстан Республикасы Президентiнің
      Кемалұлы                Әкiмшiлiгi Ұйымдастыру-бақылау бөлiмi
                              меңгерушiсiнiң орынбасары

      Сағдиев Мақтай        - Қазақстан Республикасы Парламентi
      Рамазанұлы              Мәжiлiсiнiң депутаты, Республикалық
                              ардагерлер ұйымы кеңесiнiң төрағасы
                              (келiсiм бойынша)

      Терещенко Сергей      - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
      Александрович           Төрағасының орынбасары (келiсiм
                              бойынша)

      Тiлеухан Бекболат     - Қазақстан Республикасының Мәдениет
      Қанайұлы                вице-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады