Ескерту. Жарлықтың атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.11.12 N 689 Жарлығымен.
Наградтау жөнiндегi ұсыныстарды алдын-ала қарау және әзiрлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарды iске асыруға жәрдемдесу үшiн және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығының 7-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылсын:
2. Алып тасталды - ҚР Президентiнiң 2002.03.29. N 829 Жарлығымен. (Бұл жарлық РҚАО-ға түскен жоқ)
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
4. "Қазақ Кеңестiк социалистiк Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы" Қазақ КСР-i Президентiнiң 1991 жылғы 28 қазандағы N 486 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2226 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 2 сәуiрдегi
N 2935 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия (бұдан былай - Комиссия) награда мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды алдын-ала қарау және әзiрлеу, награда заңын iске асыруға жәрдемдесу үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының, өнер қайраткерлерiнiң өкiлдерiнен құрылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және мемлекет басшысы бекiтетiн Комиссияның төрағасынан, орынбасарынан, хатшысынан және 6-8 мүшесiнен тұрады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 2007.07.25. N 369 жарлығымен.
3. Комиссияға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын белгiлеу және жою, Қазақстан Республикасының награда мәселелерi жөнiндегi заңдарының жобаларын және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан айыру туралы ұсыныстарды, наградаларға құқықтарды қалпына келтiру, мемлекеттiк наградалардың көшiрмелерiн және олардың құжаттарын беру туралы ұсыныстарын қарау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру, награда практикасын зерделеу және қорыту жүктеледi.
4. Комиссияның:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк наградаларын белгiлеу және жою туралы ұсыныстар, награда мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жобалары туралы қорытындылар, награда заңдарын iске асыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан айыру, наградаларға құқықтарды қалпына келтiру жөнiндегi ұсыныстар бойынша қорытындылар беруге, мемлекеттiк наградалардың көшiрмелерi мен олардың құжаттарын беруге;
3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан өз жұмысына қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алдыруға;
4) награда заңдарын қолдану мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өкiлдерi мен лауазымды адамдарды тыңдап отыруға;
5) ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттiк наградалармен наградтау мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына ұсыныстар жолдауға;
6) мемлекеттiк наградалар туралы заңдардың қолданылу мәселелерi жөнiндегi шығымдарды қарауға;
7) азаматтарды наградтау, басқа да награда мәселелерi туралы келiп түскен ұсыныстарға қорытындылар әзiрлеу үшiн қажет болған жағдайда ғалымдарды, жұртшылық өкiлдерi мен мамандарды тартуға қақысы бар.
5. Комиссия отырыстары қажеттiлiкке қарай өткiзiледi және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 2002.03 .29 N 829 Жарлығымен.
6. Комиссия отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Комиссияның шешiмi сұрау салу тәртiбiмен де қабылдануы мүмкiн.
7. Комиссияның шешiмдерi, ұсыныстары, қажет болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға жолданады және Комиссия белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде қаралуға тиiс.
8. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Президент Кеңсесі жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.11.12 N 689 Жарлығымен.