Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан жетекші ғалымдарының "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігін құру туралы бастамасы мақұлдансын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы N 34 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын. P031191

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады