Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге қол қоюы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы N 1227 Жарлығы

      Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын нығайту және оның демократиялық қағидаттарға адалдығын растау мақсатында қаулы етемін:

      1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылдаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге (бұдан әрi - пактiлер) қол қойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа пактiлерге қол қоюға және оларды бекiту кезiнде қосымша түсiнiктер тұжырымдау мүмкіндiгi туралы мәлімдеуге өкілеттiк берілсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Ержан Хозеұлы Қазыхановқа пактілерге қол қоюға өкілеттiктер сертификатын берсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен басып күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады